Дін мен дәстүр – елдіктің дәнекері
Ықылым заманнан адамзат баласының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда дін маңызды рөл атқарып, қоғам мүшелерінің мәдениеті сенім негізінде қалыптасып отырды. Дінсіз, дәстүрсіз һәм мәдениетсіз ел болмайды. Сол секілді қазақ та мың жылдықтар ішінде салт-дәстүрін дәріптеп, өз мәдениетін қалыптастырған халықтың бірі. «Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар». Бұл – Елбасының сөзі. Расында, тарихымызға бойласақ, ата-бабаларымыздың ислам діні мен әдет-ғұрыптарымызды ұштастыруының нәтижесінде сан ғасырлардан күні бүгінге дейін мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымыздың сақталып келе жатқанына көз жеткіземіз.
Тарихы қалыптасқан әрбір халықтың әдет-ғұрпы, жүріс-тұрысы, қағидалары мен жөн-жоралғылары бар. Мұны бірауыз сөзбен “дәстүр” деп атайды. Қазақтың ұлттық болмысы осы салт-дәстүрдің негізінде қалыптасты. Ислам құндылықтарымен біте қайнасқан қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары ұлтты ұйыстырушы күшке ие. Өзара сабақтасып, үндескен дін мен дәстүр бүгінде ұлт бірлігін, қоғамдағы татулықты сақтауда, адамгершілік нормаларынан шығып кетпеуде маңызды роль атқарып келеді. Кешегі ата-бабаларымыздың қалыптастырған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының көбі Исламға тіреледі. Тіпті, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениетінің бір бөлшегіне айналды. Тарихқа көз жіберсек, Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында келді. Сол уақыттағы қазақ халқы ұстанған салт дәстүрлерінің біршамасы әлі күнге дейін сақталып келеді. Халықтың мұсылмандыққа дейінгі ұстанған наным-сенімдері де болды. Мәселен, «тасаттық», «бесік құда», «қарсы құда», «сүйек жаңғырту», «қалыңдықты алып қашу», «қалың төлеу» сияқты әдет-ғұрыптар ел ішінде кең тарады. Ислам келгеннен кейін де аталған салт-дәстүрлер жалғасын тауып, ислам шариғатымен біте-қайнасып кетті. Өйткені, ханафи мектебінің негізін қалаған сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа жолы халықтардың әдет-ғұрып, заңдарын көбірек ескерді. Шын мәнінде ата-бабамыздың қанына сіңіп, сенімінде қалыптасып қалған қағидаттардың дінге қайшы келетін тұстары жоқ еді. Керісінше, олар шариғат талаптарын толықтырып тұрды. Байқасаңыз, салт-дәстүрімізде көрші ақысына ежелден көңіл бөлініп, оған баса назар аударылған. Бұл қазақ халқының мәдениеттілігінің бірден-бір көрінісі. Бұндайда халқымыздың «Көрші ақысы – Тәңір хақысы», «Үй алма, көрші ал» деген сөздері еріксіз еске түседі. Ал бұны Пайғамбарымыздың: "Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан кісі мүмін емес", "Үйден бұрын көрші ал", "Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас тап" деген хадистері дәлелдеп тұр.
Қазақтың дәстүрінде қайтқан кісінің жақындарына «көңіл айту» жоралғысы бар. Азалы үйдегі шерлі адамдарды «Алдынан жарылқасын» «Иманы жолдас болсын», «Артының қайырын берсін» деген секілді жылы сөздермен жұбатып, көңілін білдіреді. Бұл да шариғатымызбен астасып жатқан құндылық. Осының өзі мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы. Тіпті, күнделікті Жаратқанның есімін жадымыздан шығармай «Алла сақтасын», «Алла жолыңды берсін», «Алла алдынан жарылқасын», «Аллаға аманат бол» деген сөздерді өз еркімізден тыс айтуға қалыптасқанбыз. Мұның барлығы сайып келгенде, тіршілігімізге һәм рухани тәлім-тәрбиеге жол сілтей отырып, мәдениетіміздің өркендеуіне ықпалын тигізеді. Күнделікті тұрмысымызда да мұсылмандық әдеп нормалар сақталған, тіпті дәстүрге айналып та кеткен. Қарапайым сәлемдесуден басталатын сыпайы мінезіміз мұсылмандық этикамен астасуда. Қазақ халқының әдептілік қағидаларының көбі қасиетті Құран мен хадистерден алынғанын мазмұнды мақал-мәтелдерден де біле аламыз. Ал сол мақалға айналған бір ауыз сөздің өзі қазақ халқына өмірлік бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық жәннатқа жетелейді» деген хадисі бар. Ал халқымыз мұны: «Шындықтың шырағы сөнбейді» деп жеткізген. Өтіріктің өрге баспайтынын алға тартқан Алла Елшісі: «Өтіріктен сақтан, себебі, өтірік пен иман бір жерде болмайды» десе, дана халқымыз: «Өтірікшіде иман жоқ» деп қысқа ғана қайырған. Міне, қарап отырсақ халқымыз өзінің басынан өткерген тағдырлы тарихынан сабақ ала отырып, ондағы қиындықтар мен қателіктерін кейінгі ұрпағы қайталамауы үшін бір ауыз сөзбен ұлағат қалдырыпты. Сол секілді ерлік пен батырлық рухтың, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерінің иман ұялаған жүректен ғана оянатынын кешегі Исламнан сусындаған дала данышпандары айтып кетті.
Қай халықтың болмасын тарих бетінен ойып тұрып орын алуы үшін экономикалық жағдайымен қатар ұлттың рухани кеңістігін толтыратын мәдениеті де болуы заңды құбылыс. Елбасы өзінің Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Ханафи мазхабының сүнниттеріміз. Бұл жол біздің ата-бабаларымыздың ұлттық дәстүрге деген құрметімен негізделген... Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екендігімізге мақтан тұтамыз», – деген-ді. Әрине, қазақ дәстүріндегі мәдени өмірдің исламмен ұштасқанын көреміз. Бұған дәлел, ғасырлар аясында халқымыз Алла Елшісінің жолын ұстанып, ислам ілімдерінен сусындап, өз салт-дәстүрлерін шариғат шеңберіне бейімдеген.
Қазақтың Исламның аясында мың жыл үстінде өмір сүргенін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән беру қажеттігі айқындалады. Себебі, дәстүр – халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі.
Кез келген ұлттың құндылығы өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт-дәстүрінде және мәдениетінде. Оларды бір-бірінен бөліп қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін-бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды. Осы орайда қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі орасан екенін атай кеткен жөн. Айтуға тиіс бір ақиқат бар. Ол кешегі жетпіс жыл бойы бізді төмпештеген кеңестік идеологияның қазақтың ошағынан дінді алып кетсе де, дәстүрді өшіре алмады. Шынын айтқанда, қазақ халқы үшін дін мен дәстүр егіз ұғымға айналды. Сол дәстүрдің сақталуының арқасында біз жетпіс жылдың ішінде өзіміздің мұсылман екенімізді ұмытпадық.
«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ұстанымдағы қазақ халқы үшін ар-намыс, ұят, ар-ождан ұғымдары аса киелі. Дүние күйіп кетсе де, ар-намысын таптатпауға бекінді. Жаны үшін малын садақа етсе, ар-ұят үшін жанын да пида етуге дайын болған. Өйткені қазақ үшін «өлімнен ұят күшті». Сондықтан да ел арасында «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ұят бар жерде иман бар», «Ұялмаған бұйырмағаннан ішеді», «Ер болсаң нәпсіңді жең» деген мәтелдер кең тарады және бұл ұлтымыздағы ұят ұғымының күзетшісіне айналды. Құран аяттары мен хадистерде де ар-ұят жайында көп айтылады. Оның барлығын тізбелемей-ақ, бір ғана Алла Елшісінің: «Әрбір діннің өзіне тән мінезі бар. Исламның мінезі – ұяттылық» деген хадисінің өзі адам бойындағы ұяттың ең қастерлі қасиет екенін айтып тұр.
Қазақ халқында өзінің қажыр-қайраты мен ақыл-парасатының тереңдігіне сенімді нағыз жігіттерден бірнеше өнерді бағындыру талап етілетін. Қайраты мен ақылы сай жігіт сұлтандарын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп сипаттайтын. Сол «сегіз қырлының» бірі мұсылманша білімді болу еді. Сондықтан әрбір талапты ер мұсылмандық қағидаларын басқалардан гөрі жетік білуге тырысты. Арабша, парсыша, түркіше оқып, жазып үйренді. Ал діни білімнен мағлұматы мардымсыз, сауатсыз жандарды былайғы жұрт «әліпті таяқ деп білмейді» деп әжуалайтын. Расында да, араб әліпбиінің алғашқы қарпі – әлифтің жазылуы тік тұрған таяққа ұқсайды. Ал мұны білмеген жан надан деп танылған. Абай заманында намаздың шарттарын дұрыс білмейтін, дұғаларын жөндеп оқи алмайтын адамдар қазақ қоғамында ең қор, төмен адамдардың қатарында болыпты. Өйткені сол кездегі қазақ қоғамында діннен бейхабар болу, намазды, Құранды дұрыс оқи алмау, парыздарын білмеу үлкен айып саналған.
Шариғатымыздағы иман, ғибадат, нәпсі тәрбиесі секілді тақырыптар адам баласын мәдениетті болуға бейімдейді. Қазақтың дәстүрінде орын алған қолға су құю, тамақты жасы үлкен кісі бастау, конақты күтіп алу үрдістері де біздің халқымыздың жоғары мәдениетін көрсетеді. Иә, қазақтың дәстүрінде ислам мәдениетінің орны ерекше. Ендеше, біз ұлт болып қалыптасып, елдігімізді одан әрі нығайту үшін дінімізді түзу ұстап, дәстүрімізді дәріптеуіміз керек.
Қ.ҮБІСТЕГІ