КЕЛЕШЕККЕ АПАРАР ЖОЛ
Елбасының қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы бастамасы заман талабынан туындаған қажеттілік. Өйткені ақпараттық технологияның қарыштап дамыған уақытында өркениетті елдердің қолданысындағы латын графикасының үстемдігін жақсы білеміз.Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туып отыр. Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Тұңғыш Президент қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, қомақты қаражат, сонымен қатар интеллектуалдық күш-жігер керек.
Нұржан АМАНДЫҚ,
аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері








