» » » қағба маңынан табылған алтын

қағба маңынан табылған алтын

Үнемі бір жас жігіт Қағбаның қасына келіп: "Ей, жақсылардың жолдасы болған Алла! Харамдардан сақтаушы Алла! Саған шексіз шүкір етемін. Мені ешқашан халал ризықтан айырма!"– деп дұға ететін еді. Бұл жайт бір кісінің назарын өзіне қатты аудартады. Қасына барып: "Сен не үшін үнемі осы дұғаны айтасың, әлде басқа дұға білмеуші ме едің?" – дейді таңырқап.
Сонда жас жігіт сұрақтың жауабын түсіндіру үшін басынан өткен мына оқиғаны баяндайды. Осыдан жеті-сегіз жылдай бұрын осы қағбадан іші алтын толы бір дорба тауып алдым. Ішінде мың алтыны бар екен. Ішімнен бір дауыс келіп: "Мына алтындармен өзіңе қажетті істерді жаса" – деді. Сосын өз-өзіме: "Жоқ, бұл алтын біреудің мүлкі. Менің пайдалануға хақым жоқ. Алла Тағала менің қолдануыма харам етті" – дей бергенім сол еді: "Дорба тауып алған адам бар ма?" деген дауысты естідім.
Ол кісіні жаныма шақырып: "Қандай дорба, ішінде не бар еді?" – деп сұрадым. Дорбаның ішінде мың алтын бар екенін айтты. Дереу қолымдағы алтын толы қалтаны "Міне, дорбаң мынау тұр" – деп қолына ұстаттым. Әлгі кісі риза болып, ішінен 30 алтынды алып, қолыма ұстатып кетті.
Жүріп отырып базарға бардым. Ол жерден жүзі жарқын, көңілі таза бір жас жігітті құлдыққа сатып жатқанын көрдім. Сатушыға қолымдағы 30 алтынды беріп, жас жігітті дереу сатып алдым. Бұл жігіт өте әдепті, тәрбиелі, ақылды еді. Алғаныма қатты қуандым. Ол да маған өзінің басынан өткендерін баяндады. Бірде маған – Мырзам! – деді. – Мен Фас мемлекетінің әмірінің ұлы едім. Алла Тағала тағдырыма құлдықты осылай жазған екен, – деді ішіндегі шерін тарқатып.
Арада бірнеше ай өткен соң әлгі құлыммен бірге әдеттегідей базарға бардым. Жолда алдымыздан үш бейтаныс кісіні көзім шалды. Жанымдағы құлым әлгі адамдарды көре сала маған: "Мынау әкемнің адамдары. Мені сенен сатып алуы мүмкін. Сіз өте мейірімді адамсыз. Мүмкін болса мені 30 мың алтыннан кем бағаға бермеңіз" – деді. Әлгі кісілер маған келіп: "Мына құлыңды сатасың ба?" деді. Мен "Иә" – деп жауап бердім. "Олай болса, алпыс алтын берейік” десті. Мен келіспедім. Бағаны өсіре-өсіре әлгі кісілер 20 мың алтынға жеткізді. Мен 30 мың алтыннан кемге бермейтінімді айттым. Олар амалсыз ұсынысымды қабыл алды. Осылайша 30 мың алтынды алып, кәсіп ашып, сауда жасадым. Байыдым. Бір күні достарым келіп: “Өте бай, өзі абыройлы бір кісінің қызы бар еді. Әкесі жақында өмірден озды. Қызы тәрбиелі, ибалы. Сол қызды саған құда түсіп алып берейік” – десті. Мен келістім. Некеміз қиылды.
Түйелермен қыздың жүгі келді. Жүктердің арасында тұрған бір дорба маған қатты ыстық көрінді. Әйелімнен: “Мынау не нәрсе?” – деп сұрадым. “Бұл ма? Мұнда 970 алтын бар. Әкем мұны қағбада жоғалтқан екен. Тауып әкелген адамға 30 алтынын беріпті. Қалғанын маған беріп, жүгіңе салып қоярсың” – деп берген еді.
Демек Қағбада тауып алған 1000 алтын менің ризығым екен ғой. Егер иесіне қайтарып бермегенімде, бұл алтын харам жолмен келер еді. Міне, сөйтіп тауып алған дорбам халал жолмен қайта айналып өзіме келді.

muftyat.kz
20 маусым 2020 ж. 537 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930