ОТЫЗ ЖЫЛДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК
Тәуелсіздік – азаттықты аңсаған ұлт, егемендігін армандаған ел үшін қасиетті де қастерлі ұғым. Тарихтан тәуелсіздік үшін күрескен, қанды шайқастарды басынан өткізген, алпауыт елдердің қол астында болып, азаттыққа қол жеткізген елдерді білеміз. Солардың қатарындағы кейбір елдердің өткен ғасырдың 50-60 жылдары “үшінші колониядан” шығып, өркениетті елдердің қатарынан орын алуы сол елдің азаттық жолындағы күресінің нәтижесі болды. Өткен ғасырда 90 жылдардың басында алып Кеңес одағының ыдырауынан, дүниежүзі картасынан орын алған 15 тәуелсіз елдің егемендікке қол жеткізуі, сана өсіп, қоғам алға жылжыған дәуірдің заңды құбылысы болатын. Тоталитарлық күшпен біріктірілген одақ 70 жыл бойы орталықтың әкімшілік-әміршілдік жүйесінің негізінде өмір сүрді. Бір жұдырыққа жұмылдырылып, сананы қоғамға деген сенім биледі. Коммунистік идеология бәріне басшылық жасады. Ол елге бағыт-бағдар беруші, жол көрсетуші деген тұрғыда үстемдік жасады. Өндірісті жүргізудің, дамытудың жоспарлы экономикасы өмірге келді. Меншік “Халықтікі” деген атпен мемлекеттің құзырында болды. Мемлекеттік-әкімшілік басқару партияның қол астында жұмыс жүргізді. Партия барлық істердің ұйытқысы, дем берушісі деген ұранмен халық тіршілік жасады. Бұл дәуір 70 жыл өмір сүрді. Осы жылдары Кеңес халқының дүниетанымы, ұлттық санасы өсіп, ұрпақ сабақтастығы жалғасып, адамдардың өркениеттік талғамдарға, ар-ождан мен заңды құқықтарының қорғалуына және қоғамдағы демократиялық қағидалардың орындалуына деген талаптары күшейе түсті.
Орталықтың казармалық, коммунизм жүйесіне жекелеген ұлт республикаларында, көшбасшы ұлттың шованистік көзқарасына қарсылық болып, бас көтерулер үдей түсті. Алпысыншы жылдары Новочеркаскідегі, Тбилисидегі, Теміртаудағы, 70-80 жылдардағы Сумгайттағы, Алматыдағы, Вильнюстағы т.б қалалардағы халықтың бой көтеруі егемендік үшін болған жағдайлар еді. Бұл бас көтеруді орталықтың тікелей басшылығымен қарулы күштермен аяусыз басып, жекелеген тұлғаларды қатаң жазалап отырды. Орын алған жағдайға ешкім жауап бермеді. Қоғамның өсуі дәуіріне қарай ескіні екшеп, жаңа көзқарасты жанғырту бола қойған жоқ. Алып империяны басқару сонау 20-30 жылдардағы авторитарлы-тоталитарлық жүйеде қала берді. Оның зардабын көп ұлтты Кеңес халқы тартты.
Үкімет басына нақты істен жел сөзге бейім М.С.Горбачев келгеннен кейін оның «Қайта құру және плюрализм» саясаты жағдайды ушықтыра түсті. Демократия мен қайта құруды, жүзеге асыруды желеу еткен Горбачев партиялық, мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Жеке дара президенттік басқаруды орнатты. Алып империяның мұрагері Ельцин шовинистік пиғылдағы ұлт өкілдерінің қолдауымен Ресей Президенті болып жаңа дәуірді бастады. Одақта алғашқылардың бірі болып үш славян республикасы одақты таратып, өздерінің егемендігін жариялады. Бұған дейін Балтық жағалауындағы үш республика егемендігін жариялап үлгірген еді. Кавказдағы Грузия, Армения, кейін Әзірбайжан өз тәуелсіздігін жария етті. Орта Азия республикасындағы елдер де өз таңдауларын жасады.
«Сабыр түбі – сары алтын» дегендей, Қазақстан барлық оқиғалар мен істердің ақырын күтті. Одақтастарға деген сенімі мен достарға деген адалдықты көрсете білген Елбасы тарихи кезеңде барлық жағдайға байыппен қарап, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Ел тәуелсіздігін жариялады. Осылайша бейбіт жолмен бірнеше ұлттар мен этностарды біріктірген, негізгі ұлттық экономикасы меншіктің жеке түріне бейімделген, өндірісі, өндіргіш күштері, табиғи құндылық пен байлықтары инвестициялық, инновациялық-индустриялық жаңа технологияға бағытталған Қазақстан өзінің даму жолын бастады. Ғасырлар бойы ұлт азаттығы үшін күрескен ұлттар мен ұлыстардың ортақ тағдырын біріктіріп, қазақ халқы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, егемен елге айналды. Өзінің біртұтас халқы, нақты шекарасы, Мемлекеттік Елтаңбасы, Әнұраны, аспан түстес көгілдір Туы, азаматының ар-ожданын қорғайтын Ата Заңы, Ұлттық валютасы, елін қорғайтын әскері бар Қазақстан атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келді. Осы істердің басында Елбасымыз тұрды. Егемендігімізді дүниежүзі танып, мойындады.
1991 жылы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевты сайладық. 1992 жылдың 3 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданып, мемлекетіміз қырып-жоятын қарудан бас тартты. Шамалы уақыт ішінде еліміздің қалыптасқан мықты басқару мектебі ТМД аумағындағы мемлекеттерге үлгі болды. Елбасының идеяларынан туындаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы қазіргі таңда ел дамуынын негізгі тұғырнамасы ретінде нақтыланып, өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында еліміз Ресей, АҚШ, Қытай мен т.б әлемнің алпауыт елдерімен тұрақты және достық қатынастарын одан әрі кеңейтіп, олармен мүдделі келісім жүргізіп келеді. 1993 жылдың қарашасында дүниеге келген төл теңгеміз нарықтық экономика және дүниежүзілік дағдарыс кезінде өзінің мықтылығын көрсетіп, халықтың үлкен сеніміне ие болды. 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ТМД аумағында емес, өзге шет елдерде жоқ екені айтылып та, жазылып та жүр. Қазір бұл Ассамблея Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігін әлемге танытып, тұрақты жұмыс жүргізуде. Жыл сайын өтетін ҚХА сессияларында Елбасы тәуелсіздігіміздің тарихы барлық этностар достығының шежіресі екенін жеткізіп, еліміздің құрылысына Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностық топтардың өкілдері ат салысқанын айтып келеді. Ассамблеядан сайланған депутаттар Парламенттің ажырамас бөлігіне айналды.
Халықтың тұрмыстық әл-ауқаты жыл сайын жақсарып келеді. Азаматтарға берілетін жалақы мен зейнетақы, жәрдемақылар көбейіп, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, демалыс орындары мен спорттық мәдени кешендер қарқынды салынып жатыр. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының нәтижесін көрудеміз. Қазақстан – өз қандастарын туған елге шақырып, оларға лайықты қамқорлық жасап отырған әлемдегі үш мемлекеттің бірі. Тәуелсіздік туын көтерген жылдары жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Тарихқа үңіліп, қазына-байлықтарға жаңаша қарап, өлгеніміз тіріліп, өшкенімізді жандырып, қазақ халқының бостандығы үшін құрбан болғандардың рухын көкке көтеріп, есімін ел есінде қалдыруға игі шаралар жасап, ас беру, құран бағыштап, әр елді мекенде мешіттер салынып, дінімізді оралтсақ, қазақпен қазақша сөйлеп, тілімізді ардақтасақ, ата-салт, дәстүрімізді жаңғыртып жатсақ, бұл да сол ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің арқасы деуге болады.
Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында өтпелі кезеңде тығырыққа тірелген экономикамызды, салалар бойынша дамыту мақсатында мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытып, ауыл шаруашлық өнімдерін өндіру, шетелдік және отандық инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілді. Қазір ел экономикасындағы бұл реформалар қолдау тауып, өзінің нәтижесін беруде. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі үлкен құрылым 56 елдің басын қосқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға мүше болып, XXI ғасырдағы Астана саммитінің өтуі, оған Қазақстан төрағалық жасап дүниежүзілік саясатқа «Астана форумы», «Астана рухы», «Евразиялық қауіпсіздік», «Астана декларациясы» деген жаңа ұғымдарды енгізді. Бұл самиттің жетістіктерінің бірі «Қауіпсіздік қауымдастығына апарар жол» атты Астана декларациясы қабылданды. Осының нәтижесінде Қазақстанның Азия өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Евразиялық экономикалық қауымдастық, Ислам конференциясы ұйымы, Түрксой секілді т.б ұйымдарға төрағалық етуі және жұмысына белсене қатысуы үлкен жетістік. Нью Йоркте өткен БҰҰ-ның сессиясында жаппай қырып жоятын қаруға шектеу қойып, одан арылудың жолдарын сөз еткен Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның жұмысын бүгінгі заманның өмір талабына сай жетілдіру, оның орталығын Азия құрлығына көшіру жайындағы ұсынысы үлкен қолдауға ие болды.
1998 жылдың 6 шілдесінде Елбасы еліміздің саяси әлеуметтік, халықтың демографиялық мүмкіндіктерін зерттеп, ел астанасын Астанаға көшіруге шешім қабылдады. Астана дүниежүзі мәдениетін бойына сіңірген, шығыстың айшықты рухына бейімделген, дүниеде теңдесі жоқ, мәдениет пен өркениеттің орталығы болып дамуда.
Елбасының сараптал саясатының бірі Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету идеясы еді. Осы мақсатта Тұңғыш Президент 2014 жылы «Қазақстан жолы – 2050 ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» патриоттық актсін әзірлеуді тапсырған болатын. Осы идеяға байланысты 30 жыл ішінде Қазақстанда мекен еткен барлық отандастарымыздың басын біріктіретін, ортақ құндылықтар жасалып, олар ел келешегінің іргетасын берік қалап, тұрақтылық пен татулық, бірлікті сақтау арқылы «Мәңгілік Ел» болуды қалыптастыру болды. Осы мақсатта Елбасы «Мәгілік Ел» идеясының қасиетін ұсынды. Бүгінде бұл идея “Қазақстан – 2050” стратегиясының түп қазығына айналды. «Мәңгілік Ел» Елбасы айтқан Ұлы дала елі ұғымымен егіз, тәуелсіз ел сөзімен тамырлас. «Мәңгілік Ел» – Ата-бабамыздың сан мың жылдар бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен қатынас құратын, әлем картасынан ойып орын алатын, тәуелсіз мемлекет атану еді. Мақсат тұрмысы түзу, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын ел болу еді. Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық. “Мәңгілік Елдің” іргесін қаладық, енді тәуелсіздік деген киелі ұғымның қасиетін жете түсіну, оны көздің қарашығындай қорғау – барлығымыздың борышымыз. Келешек ұрпақ ата-бабаларымыздың ат үстінен түспеген жауынгер халық болғанын «малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деген ұстаныммен өмір сүргенін біз арқылы білуі керек. Ентелей келген жаудың аптығын басқан айбарлы бабалардың ерлік дастанын жас ұрпақ көңіліне тоқып өсуі тиіс. Сонда “Мәңгілік Ел” болуға талпынысының бір күнде немесе бір жылда туған идея емесін, ғасырға жалғасқан бабалар арманын ақиқатқа айналдыруға болатынын түсінеді.
Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің өтуі әлемде ешбір саясаткер қолы жете алмайтын дін саясатын бейбітшілік пен халықаралық жағдайдың тұрақтануына бағыттау екенін көрсетті. Қазіргі заманда етек алып жатқан ұлт, дінаралық қақтығыстар мен терроризм, экстремизм зардаптарын болдырмауға дін лидерлерінің түсініктерін қалыптастыру болып отыр.
1996 жыл жас тәуелсіз Қазақстан 161 елден тұратын дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Н.Назарбаев Мәскеуде, Ломоносов университетінде Ресей ғалымдары мен зиялыларының алдында сөйлеген сөзінде саясаттан тыс, Евразия кеңістігінде экономикалық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында одақ құру идеясын айтқан болатын. Бұл бастама аясында мүдделі кеденге кіретін, мемлекет тарапынан талқыланып, сараптамадан өтіп, Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттері Евразиялық экономикалық одаққа бірігіп, түрлі шекаралық, кедендік т.б тосқауылдарын алып тастап, өз жұмыстарын жалғастыруда. Қазір бұл одаққа Қырғызстан, Армения кіріп, басқа елдер де қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта шетелдік инвестицияға жол ашылып, Европалық одақ секілді жүйеге келтіру қолға алынуда.
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде ел экономикасына 400 млрд инвестиция тартылып, тиімді пайдаланылған. Осының арқасында елде жаңа, бұрын соңды болмаған шетелдік бәсекелестікке қабілетті автомашина, тепловоз, вагон, рельс, газ, су, мұнай құбырларын жасайтын зауыттар мен кәсіпорындар салынып, ел игілігіне жаратылуда. Мысалыға: Қызылорда облысында теңдесі жоқ «Шыны» зауыты салынуда. Кіші кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлікті дамыту, сол арқылы халықтың тұтыну мұқтаждығын жақсарту жолға қойылып, халық тұтынатын заттарды шығаратын өндіріс орындары көбейді. Ауыл шаруашылығы жанданып, халықты азық-түлік пен қамтамасыз ету, импортқа тәуелділікті жою басты мақсатымыз болуда. Осы тұрғыда шаруалар мен жеке кооперативтік ұйымдарға ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға салықтан жеңілдіктер беріліп, олардың толыққанды жұмыс жасауларына жағдай жасалып, заманауи техникалар, су, тыңайтқыш т.б ауыл шаруашылығына қажетті жабдықтар алуларына жеңілдетілген субсидиялар мен несиелер берілуде. Міне, осының барлығы ел экономикасын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы Елбасының ұстап отырған салиқалы саясатының жемісі деп білеміз.
Елбасының Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «Алдымен экономика, сосын саясат” деген байыпты ұсынысы, инновациялық-индустриялдық бағдарламасы мен жаңа технология, ғылыми озат тәжірибе өндіріске еніп, тиімді өнім өндіруде. Басты мақсат Қазақстан экономикасына тарту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар қабылдануда. Оның ішінде заңды сипаттамалары да бар. “Біз инновациялық-индустриалды сенімді жалғастырып, экономикамыздың дамуын жүзеге асырамыз” деді Елбасы. Бұл шаралар қысқа мерзімде әкімшілік реформалармен жүзеге асырылуда. Біріншіден мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жасалды. Елбасы кәсіпкерлікті дамыту мен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп, қолданысқа түскенін атап өтті.
Қазақстанның мақсаты дүниежүзінде дамыған алғашқы 30 елдің қатарына қосылу болып отыр. Еліміздің көрсететін жетістіктерінің бірі 2017 жылы адамзат ақыл-ойының қазіргі күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктерінің озық үлгілерін паш еткен “ЭКСПО – 2017” көрмесі болды. Астана көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл бүкіл адамзатты толғандырып отырған көкейтесті мәселе екендігі даусыз. “ЭКСПО – 2017” аясында энергиялық қуат көздерінің болашағы шешілмек.Халықаралық мамандандырылған көрменің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан “ЭКСПО – 2017” көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында бірінші өткізіп отырғанын атап өтті. “Біздің өтінішімізді және ұсынылған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымызды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме бір мемлкеттің атқаратын ісі емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі. Астанадағы халықаралық көрме – жаһандық кеңістіктегі елімізді танудың және «Қазақстан ұлттық брендін ілгерлеудің жаңа белесі. Біз “Болашақтың энергиясы” тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз” деді Елбасы.
Н.Назарбаев 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы», «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауларында ширек ғасырда біздің екі жаңғыруды жүзеге асырғанымызды атап өтті. Біріншісі біз нарықтық экономика қағидаты бойынша мүлдем жаңа мемлекет құрдық. Екіншісі 2030 стратегиясын жүзеге асыру және біздің Отанымыздың елордасы Астананы қалыптастырдық. Қазақстан жедел қарқынмен дамыды және осы табысымен 50 елдің қатарына қосылды. Қазіргі әлеуметтік техникалық дәстүрді түбегейлі өзгерту – экономикалық өсімнің жаңа моделіне өтуді мақсат ету. Осы тұрғыда Жолдау үшінші жаңғыруға арналған.
Мұны Қазақстанның экономикасы мен ғылымының қазіргі замандағы дамуының биік шыңға жеткен жетістіктері деуге болады. Тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекеттік басқару, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық бүгінгі өмір талабына сай қарыштап дамып, жаңа нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне жарауда. Ел қорғаны қарулы күштеріміздің қауқары мен айбынын көзімізбен көріп, жүрегімізбен сезініп, кеулімізге медеу тұтып, өмір сүрудеміз. Азаматтардың құқығын қорғау, қоғамның тыныштығын сақтау жолындағы болып жатқан жетістіктер мен оны жетілдірудегі түрлі реформалар, заңдылықтар нығаюда. Сол арқылы қоғамда болып жатқан түрлі жат әдеттер мен тәртіпсіздікке жол бермеуде нақты жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылдың қаңтарынан бастап “5 институттық реформаны” жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам” ұлт жоспарының орындалуының практикалық кезеңі басталды. Экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымызда бұрың болмаған ауқымды ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы ұлт жоспары мен сабақтасып жүзеге асырылуда. Елбасы 2014 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз еліміздің 23 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында еліміздің қолжеткен табыстарын айта кетіп, “Біздің лайықты жауабымыз “Нұрлы жол” жаңа экономикалық саясаты болады” деді. Бұл біріншіден, әлемнің құбылмалы жағдайында инфрақұрылымды дамытуға басымдық береді. Екінші, сапалы жолдармен коммуникациялар сала отырып, біз өмірлік және жаһандық байланыстарға тереңірек кооперациялауға мүмкіндік береді. Ал үшінші инфрақұрылымдар құрылысының кең ауқымды жобалары шетел инвестицияларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге негіз болады, төртінші бұл лайықты жұмыспен қамтудың, еңбек өнімділігінің өсімі мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың берік кепілі. Бесінші «Нұрлы жол» барлық өңірлерде жаңа мүмкіндіктер ашуда.
“Нұрлы жол” – бізді елдік құндылықтардың қадіріне жеткізіп, асқақтата түсетін жол, ол жаңа экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі екені даусыз. Халқымыз жұдырықтай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруының арқасында тәуелсіздік жылдары үлкен жетістікке қол жеткіздік. Еліміздің сыртқы саясаттағы беделі мен ішкі тұрақтылығымыздың арқасында Қазақстан БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік Кеңеске мүшесі болып, екі жылға сайланды. Мұны тәуелсіздік жылдарындағы Елбасының салиқалы саясатының, халықаралық деңгейдегі беделінің арқасы деуге болады.
Мұның бәрі Ел тәуелсіздігінің 30 жылында жеткен табыстар еді. Қорыта айтқанда, Елбасы тәуелсіздік алған жылдың алғашқы күнінен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігін, әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өркениет көшіне өзіндік бағыт-бағдарымызды белгілеп берді. Әлбетте қазынасы бос, әлеуетті қолдауға қауқарсыз мемлекетке ең алдымен елдің тұрмысын түзету оңайға соқпағаны белгілі. Тәуелсіз алған алғашқы жылдардан бастап он-он бес жыл біздің мемлекетіміздің қалыптасу кезеңі десек қателеспейміз. Ал одан бергі он жыл – өркендеу, өрлеу кезеңі. Ендігі бағытымыз, кемелдену кезеңі болар деп ой түйеміз.
Дамудың дербес жолын таңдаған тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылда сыртқы саяси қоғамдық қатынас орнатуда қол жеткізген табыстары ұшан теңіз. Айталық, ең әуелі еліміздің шекарасы бекітіліп, келешегіміздің көшін түзейтін Конституциямыз қолданысқа енді. Мемлекеттік рәсімдер қабылданды. Осындай бастамалардың барлығы халықтың көз алдында жариялы түрде жүзеге асырылды. Оның дәлелі тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір жүзден астам ұлт өкілдері бір тағдырға бой ұсынып, бір болашаққа сенім артты. Сол сындарлы сәтте қазақ халқының дұрыс таңдау жасағанын бүгінде тарихтың әділ төрешісі уақыттың өзі дәлелдеп берді. Соның айғағы тәуелсіздіктен бері үш мәрте таңдау жасалса да халық Елбасына сенім артты. Қоғамның талабымен халықтың қалауымен қабылданған саяси салмақты шешімдер тарих тарауына өтіп, жасампаздықтың жаңа беттері жазылып жатты. Мемлекетаралық, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға және тұрақты қарым-қатынас орнатуға бағытталған келесі келісімдер тәуелсіздік тұғырының нығаюына өз ықпалын тигізді.
Тәңірдің тартқан сыйы тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін тағы қандай әрекет етуіміз керек? Міне, осы мақсатта Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Нәтижесінде өзінің дәстүрлі жыл сайын жолдауын халыққа жолдап, айқын істермен атқарылатын міндеттерді нақтылап, жария етті. Бұл Жолдаулар халықтың талқысынан өтіп, қолдау тауып, әлі де жүзеге асырылуда. Осындай айқын мақсат пен, нақты іспен ел экономикасында өсім қалыптасып, Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болып, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын рейтингінде 41-ші позицияны иеленуде.
Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толды. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеті үшін көп уақыт емес. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздік жолында алып империяның әкімшілік, әміршілдік қыспағында егемен ел болу жолында күрескен Алаш арыстарының құрбандарымен сана өсіп, қоғам алға жылжыған екі ғасырдың тоғысында, қантөгіссіз, бейбіт жолмен келген жаңа заман өкілдерінің бақыты, келешек ұрпақтың шаттығы деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын тәуелсіздікке қол жеткен уақыттан бастап өткенді айқындап, болашаққа бағдар берген, тарих беттеріне жазылып қалатын құнды еңбек деуге болады. Мақала төрт бөлімнен тұрады.
Алғашқы «Бағдар мен белес» деп аталатын бөлімде тәуелсіздік жылдарын үш онжылдық белеске бөліп саралаған. Алғашқы онжылдық тәуелсіз ел іргетасының қалану жылдары болды. Бұл мемлекет құрылымындағы айқын жол таңдау кезеңі еді. Бұл жылдары мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шет елдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. “Қазақстан – 2030” стратегиясын қабылдады. Мемлекетіміздің шекарасы бекітілді. Қандастарымыз үшін ұлы көшке жол ашылды. Алғашқы онжылдық ел экономикасының дағдарыстан шығу жолдары болды. Екінші онжылдық – қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі.
Осы жылдары мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. “Мәдени мұра” жүзеге асырылып, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттері өтті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Екінші онжылдық ел экономикасының өсу жылдары болды. 2000 жылы ішкі жалпы өсім 9,6 пайызға, 2001 жылы 13 пайызға өсті. Тұралап қалған экономика, мәдениет, ауыл шаруашылығын жақсарту мақсатында халықтың мәдени-рухани өмірін көтеруде «Денсаулық жылы», «Мәдениет жылы», 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» бағдарламалары қабылданып, пәрменді түрде жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысы мақаласының «Таным мен тағылым» бөлімінде бостандықтың бізге оңайлықпен келмегенін, ата-бабаларымыздың азаттық жолында арпалысқанын, талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткергенін баяндаған. Осы бөлімдегі Мемлекет басшысы “Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болады және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс” деген болатын.
Мақаланың «Қоғам мен құндылық» деп аталатын үшінші бөлімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы ата-бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұлан-байтақ жерді ұрпағына мирас етіп қалдырған мұрасын көздің қарашығындай сақтауды жан-жақты баяндады. Сондай-ақ халықтың көкейінде жүрген жер мәселесіне байланысты “Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әрбір азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет” деп, жер Кодексіне алдағы уақытта өзгерістер енгізетінін атап өтті. “Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті» деп те айтты. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Бұдан әрбір саналы, намысы бар отандасымыз ойланатын болар деген ойдамын. Мақаланың «Ұлағат пен ұстаным» деген соңғы бөлімінде саяси реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, жаңа жүйенің өзіндік тиімділігін, тұрғындар мен биліктің бірлесіп жұмыс істейтінін, алғашқы жылдары ауыл, кейін аудан әкімдерін сайланбалы болатынын атап өтті. Мәжіліс депутаттарының биылғы сайлауы көппартиялық Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадам екеніне Мемлекет басшысы өз ойын білдірген. Осы бөлімде Қасым-Жомарт Кемелұлы “ХХІ ғасыр – білім мен біліктінің дәуірі. Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеудің маңызды” деген еді. Осының барлығы Тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішінде эканомикада халықаралық саясатта дамуымыздын қол жеткен жетістікері деп айтуға болады.
Рысбай КӘРІМОВ,
Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі,
Жалағаш ауданының құрметті азаматы