Батамен ел көгерер
Бата беру – байырғы қазақ халқынан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр. Халқымызда «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген даналық сөз бар. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің көрінісі. Бата сұрау – өзі қалаған ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз.
Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, сыйлы қонағына бір малын көлденең тартып, батасын алып соятын да салт бар. Үй иесі малын әкеліп қонағына «Әумин» деп қолын жайғанда, қонақ та қолын жайып батасын береді. Бата беру жоралғысы ертеден қалыптасты. «Бата» дегеніміз «Фатиха» сөзінен шыққан. Фатиха – Құран Кәрімдегі ең бірінші сүренің аты. «Фатиха» сөзі «ашушы, беташар» деген мағынаны білдіреді. Яғни, аталған сүре – Құдай Тағаланың кітабының алғашқы сүресі болғандықтан солай аталған. Батаның Фатихадан өрбитіндігіне бұл сөздің қазақ тіліндегі нұсқалары дәлел. Қазақта «бата оқыр» деп бір елге не қабірге барып, марқұмға Құран оқып қайтуды айтқан. Сүгірдің термесінде өзіне «Бәтихасын алам деп» кейбір келіндерінің шай құйып беретіндігі айтылады. Демек, «бата» сөзінің түп төркіні – «Фатиха». Соған қарағанда ертеректе дінімізден ажырамай, мұсылмандығымызға мығым кезімізде ізгі адамдар елге айтатын бата-тілегін Фатиха сүресінен бастаған болуы керек. Халық арасындағы баталы, қазыналы қарттарымыз «Әлхамдының берекесін берсін!» деп бата-тілек айтып жатады. Міне, сол «Әлхамды» – Фатиха сүресі. Бата беру өте құрметті іс деп саналады. Бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алдымен алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Ақсақал қауым әуезді үнімен мәнерлеп, бар ынтасымен бата береді. Бата аяқталған кезінде, жиналған қауым бір ауыздан «әумин» деп ас қайырып, «айтсын», «айтқаның келсін» деп бет сипасады. Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан бата беру дәстүрі тамаша сөз өнерінің де белгісі. Бата беру – сұраушыға жақсы тілек тілеп, адал ниетті білдіру. Ақ бата адамға рухани қуат, күш сыйлайды.
Бата қандай жағдайда берілмесін адамды кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Әдетте бата беру ауылдың үлкендерінің, қадірлі қариялардың, атақты батырлардың, ақындарының, би-шешендерінің, ақсақалдарының, жолы үлкен адамдардың, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Батаның бірнеше түрлері бар, яғни берушінің ақыл-ой, парасатының деңгейіне, шешендігіне байланысты. Егер сөздері қадірлі, әрі ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қасиеті, құдіреті, күші бірдей. Батаның қабыл болуын тек Жаратқаннан тілеген жөн. Сан ғасырлардан бері қалыптасып кеткен бата сұрау, бата беру үрдісінің түп-төркінін асыл дініміз Исламда жатқанын көреміз.
Бата беру қазақ халқында әртүрлі жағдайларда орындалып отырған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қадірлі адамдардың батасын алу – үлкен абырой. Қазақ халқы арасында кең таралған «пәленшеден бата алған» деген сөз – осының айғағы. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолындағы» Құнанбайдың баласы Абай үшін Ахмет Риза хазіреттен бата сұратқанын айтуға болады.
Қарап отырсақ, бата адамды теріс қылықтардан сақтандырады. Ал жастарды ізгілікке, қайырымды істерге баулиды. Қандай бір іске кірісерде немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда асқақалдардан бата алған болған. Сондай-ақ, үйіне келген қадірлі қонағынан да бата алып қалуды дәстүрге айналдырған. Мысалы, «Абай жолындағы» Барлас пен Байкөкше жыраулардың Абайға берген батасынан да байқаймыз.
Асыл дінімізбен астасып жатқан бата сұрау дәстүрін ұмытпай, әрдайым ұрпаққа жеткізе білу қазір де маңызды.

«Дін мен дәстүр» кітабынан.