» » » Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі

Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі

«Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» деп тегін айтылмаған.
Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Сол үшін ана тіліміздің мәртебесін көтеру үшін кейінгі ұрпақты ұлтжанды, төл тілімізге жаны ашитын патриот етіп тәрбиелеуіміз керек. Баланы балабақшадан бастап өз тілінің қадір-қасиетін, құндылығын дәріптеп, өз тілінде ойлау қабілетін ояту керек. Ал баланың ана тілі отбасында қалыптасады. Ата-ана өз балаларына  қазақтың бай тілінің сөздік қорын қалыптастыру керек. Ол үшін ертегі айтып, қазақша кітап оқытып, баланың тілін сындыру керек. Сол кезде жас ұрпақ өзге елдің тілін, мәдениет, әдебиетін білгенмен, ана  тілінің қоғамдағы орнын, маңызын,  өз ұлттық салт-дәстүрі алдындағы жауапкершілігін ешқашан ұмытпайды.  Қазақ елінің егемендігін еңселі, тәуелсіздігін мәңгілік ету үшін ұлттық  болмысымыздың алтын кілті ана тіліміз алдындағы жауапкершілігімізді  терең сезінуіміз керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын.  Міне, тіліміз де біздің рухани құндылығымыз болғандықтан әр қазақтың бойында мәңгілік тұмардай  болып жарқырап тұруы тиіс.

Салтанат Калменова,
Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы, полиция капитаны
29 маусым 2021 ж. 1 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031