«Тұлпар мініп ту алған»

Едіге батыр жыры біз ойлағаннан да ауқымды, құндылығы мол шығарма. Оны қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа да түркі халықтарында да бірнеше нұсқасы бар екенін ескере отырып байқауға болады. Оқушылар арасында мұндай байқау ұйымдастыру елдігімізге, тарихымызға, рухани құндылықтарымыз бен бай мұраларымызға ерекше құрмет деп білемін. Жырды жаттау арқылы балалар бойына батырлық рухты, отансүйгіштікті сіңіре алады деген үміттемін. Сөз дегеніміз тірі зат. Санаға сіңген сөз, мейлі ол жаттанды түрде болсын, өз әсерін бермей қоймайды. Оны қаншама ғалымдар да дәлелдеп отыр. Қазақта оны "жақсы сөз – жарым ырыс" дейді.
Сондықтан алдымызда жоспарланып отырған байқау "рухани жаңғыруға" жақсы бастама болмақ. Сайысты ұйымдастырушыларға және қатысушы балаларға сәттілік тілеймін!
Ахан Кенжебаев,
Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары
Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары