Кешкі кітапхана әлемі
Кітапхана – руханият орталығы. Қазір біздің қоғамға кітапхана қызметі аса қажет. Ұлттық идеология да осы кітапханадан бастау алмақ. Қазақ балалар әдебиеті құрдымға кетіп бара жатыр деп байбалам салып жүргендер аудандық балалар кітапханасына барып, ондағы түсіп жатқан кітаптармен танысып және балаларына оқытуы керек. Кітапхана сөрелері сықап тұр. Іздегеніңізді табасыз. Балалар кітапханасының оқырмандары да күн сайын көбейіп келеді. Кітапханашылар да балаларға кітап оқытудың методикасын меңгерген. Қызықтыра біледі. Оған кітапханада өткізілетін шараларға қатысып отырғанда көз жеткізіп келеміз. Тек кітапханашылар ғана емес, баланы кітап оқуға баулу – қоғамның міндеті. Сондықтан жас ұрпақ кітапханаға барсын десек, олардың алдында біз жүруге тиспіз.
Өткен жұмада Балалар жылы, сонымен бірге 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Кешкі кітапхана әлемі" атты мәдени акция өтті. Мақсаты сол, әдеби көркем әдебиетті насихаттау арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, өскелең ұрпақтың рухани сұранысын өтеу.

Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет ашты.
– Кітап біздің сөздік қорымызды ғана толықтырмайды, мәдени өремізді өсіріп, қоғамды моральдық тұрғыдан тәрбиелейді. Сондықтан біздің қай-қайсымыз да кітапқа қарыздармыз. Кешегі аға буын ұрпақ әлі де осы рухани орталықпен байланысын үзген жоқ, аудандық кітапхананың тұрақты оқырмандары. Енді сол аға-апаларымыздың жолын кейінгі жас буын ұрпақ жалғастыруы тиіс. Өйткені адамзат өркениетінің бастауында кітап тұр. Кітап оқыған ұрпақтың, кітап оқитын ұлттың келешегі кемел болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды – Балалар жылы деп жариялауының да зор маңызы бар. Бажайлап қарасақ, онда тұтас ұрпақтың тәрбиесі жатыр. Әрине біздің болашағымыз деп сенетін балаларға көңіл бөлу үшін бір жыл жеткіліксіз. Десе де осы атаулы жылдың аясында біз балаларға жан-жақты қолдау көрсетудің тетіктерін көбейтіп, мүмкіндіктерін арттыруымыз керек. Соның бірі – кітапханаға кішкентай оқырмандарды тарту. Бүгінгі рухани шараның негізгі мақсаты да – осы, – деді Жасұлан Ерданұлы.
Мәдени акцияға қаламгер, бірнеше тарихи-танымдық еңбектердің авторы Рысбай Кәрімов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмахан, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Бибәсия Дүйсенбиева, аудандық мәдениет үйінің директоры Алпамыс Қожанияз, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының басшысы Ғани Сүлейменов және басқа да аудандық кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Ғажайыпқа толы тағылымды кітап кешінде оқырмандар кітап әлеміне қатысты қызықты ақпараттармен танысып, күтпеген сыйлықтар мен тосын сыйларға ие болды. Әсіресе балалар кітапханасының балғын оқырмандары үшін қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. «Кел, досым кітапханаға» атты флеш-мобпен басталып, "Этноауыл", "Күй-керуен" "Мұрагер" домбыра үйірмесінің күй шашуы, "Спортшылар ауылы", "Ән салайық кел, достар" караоке шоуы, "Аква грим" сурет салу, "Кітапты таны да, сыйыңды ал!" сұрақтар ойыны, "Балалар әлемі" көрме иллюстрациясы, "Таңғажайып ертегі" атты ертегі шоу, "Қырық мысал" зияткерлік сайысы, "Қарақұрттар қақпасына" ойын-саяхат, "Рахмет саған кітапхана" атты рәсімде тілек ағашына тілек жазуымен қорытындыланды.
Атап айтсақ, «Этноауыл» аялдамасында «Мұрагер» тобы домбырамен күй төгіп, ұлттық рухты көтерсе, «Фотосуреттер галереясында» жастардың қолынан шыққан сурет көрмесімен танысты. Сонымен қатар оқырмандар «Селфи алаңында» естелік суретке түсіп, «Biblio спорт» алаңында дойбы, тоғызқұмалақ ойнады, қол күресіп, бақ сынады. Кішкентай оқырмандар «Ән салайық, кел достар!» караоке-шоуына қатысып, ән әуелетті. Сонымен бірге соңғы жылдары кең таралған "Аква гримм" бөлмесі де балаларға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ шара барысында осы жылдың 29 наурыз бен 15 сәуір аралағында «Кітап оқып, өзіңді шыңда» атты аудандағы мекеме қызметкерлері арасында өткізілген кітап оқу байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Рухани шараны аудандық кітапхана басшысы Ұлмекен Меңдібаева қорытындылады.
– Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан-ғасырларға жалғасып, қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, қаламгердің жемісі. Cол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
Бүгінгі күннің басты мәселесі ұлтымыздың бойындағы рухты ояту және сол арқылы ұлттық танымымызды тереңдетіп, ұлттық мәдениетімізді қалыптастыру болып отыр. Бұл тұрғыда аудандық кітапхананың қызметі де, еңбегі де зор. Бізді қуантатыны, жыл өткен сайын оқырмандарымыз көбейіп келеді. Кітапханамыз бірер жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Кітап қоры да ай сайын толғып отыр. Яғни оқырмандар іздеген кітаптарын таба алады. Оқырмандармен жаңаша жүйеде жұмыс жасайтын кітапханашыларымыз, басқа да білікті мамандарымыз да жеткілікті. Сол үшін кітапхананы ұлт келешегіне әсер етуші үлкен күш десе болады. Бүгінгі өтіп жатқан мәдени акциядан оқырмандар көп ой түйеді деп ойлаймын. Бұл алғаш рет өтіп тұрған шара емес және соңғысы да емес, алдағы уақытта жалғасын табады, – деді Ұлмекен Әбілтайқызы.
Шараның "Рамазан шапағаты" деп аталатын соңғы бағдарламасында қасиетті Рамазан айында Аллаға құлшылық қылып, ауыз бекіткен жандарға кітапхана ұжымы ауызашар беріп, дастархан басында ардагер аға-апаларымыз ұлтымызға, тарихымызға қатысты тағылымды әңгімелер айтты.
Мәдени-рухани шараға аудан орталығындағы «Балалар әлемі» дүкенінің иесі Раушан Әшірбекова және Сәуле Ильясова, Айгерім Гаюпова, Айдана Әлмағанбет, Жансая Шекерова, Шәймен Әбдиев, Мехран Жолмырзаев, Ерболат Төлегенов, Қадырхан Әлібеков сынды кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Қуат АДИС