Жалағаш жастары жолдауды қолдайды! Бүгін Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-лицейінде акцияға қатыстым. Қатысушы әрбір оқушының бойынан ерекше белсенділік көрініп тұрды. Тіпті 3 тілде еркін сөйлеп тұрған оқушыны көргенде қатты қуандым. Өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу және жетістікке жету үшін де үштілділікті меңгеру қажет болатынын алдын ала болжаған Елбасының ел алдына қойған міндеттерін іске асыруда акцияға қатысқан оқушылар да өз үлестерін қосатынына көз жеткізуге болады. Мектепте жүргізілетін тәрбие ісіне сәттілік! Жаңалықтар / Руханият 15 қаңтар 2018 ж. 973 0