Отбасы – тәрбие бастауы
Байқап отырсақ, отбасы тәрбиесі күнделікті күйбең тіршіліктің көлеңкесінде қалып қойғандай сезіледі. Бұған күні кеше әлеуметтік желіні шулатып, қазақ қызына сырға салған ерлі-зайыпты қытайдың іс-әрекеті дәлел. Бұл жағдай ертеңгі күні кез келген отбасының басына түсуі ықтимал. Себебі біз ұлттық құндылықтардан ажырап, отбасы тәрбиесін әлсіретіп алдық. Бұл біздің дәстүрлі отбасы институтының құрдымға кетуінің бір көрінісі іспетті.
Қазақта әже институты, жеңге институты, аға институты және т.б. арқылы берілген тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа қалтқысыз қызмет етіп келген. Оның тамыры тереңде еді. Қазір осыдан айрылып қалдық. Демократияны желеу етіп, өз-өзімізді алдаусыратып, «қыздан сұра, ұлдан сұра» деп, мүсәпір халге қалай түскенімізді аңғармай қалдық.
Ұлттық құндылықтардан нәр алмаған, бойына әженің әлдиін, әкенің тағлымын дарытып, сусындап өспеген, бір сөзбен айтқанда, уызына жарымаған ұрпақтың алдында қадір-қасиетіміз төмендеп бара жатқаны кімді болсын да ойландыратыны сөзсіз. Бұған күнделікті отбасындағы тіршілік пен тәлім-тәрбиенің иірімдеріне назар аударсаңыз көз жеткізесіз.
Ата-бабамыз ер баланы ертеңгі мұрагер, қара шаңырақтың иесі санап, ұлын отбасының иесі болуға, іні-қарындастарының қамқоршысы болуға баулыған. Қажет болса, сөзге құлақ аспай тым шектен шығып бара жатса жон-арқадан қамшы салып, тезге түсіретінін де білеміз. Қазір мұндай әке, аға қамқорлығы жоқ-ау.
Ал қыз балаға қонақ деп құрметпен қараған атам қазақ «қыз өрісімді кеңейтеді» деп қабағына қарап, ерекше жақсы көріп, еркелетіп, аялап өсірген. Әсіресе әкесі мен ағаларының қамқорлығы ерекше болған. Отбасында мұндай қамқорлықпен өскен қыз барған жерінің құрметіне бөленіп, ата-анасына, ағайын-туғанына сөз келтірмеген.
Белгілі педагог А.Макаренко өз еңбегінде «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс-әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды» дейді.
Қазақтың әр сөзінің астарында тәлім-тәрбие жатыр. «Тәрбие отбасынан басталады» деген халық даналығы да бекер айтылмаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы.
Бүгінде заман өзгерді, қоғам өзгерді дейміз. Бұл жайында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы Жанат Төленқызы: «Қазақ тарихына өзінің өшпес ізін қалдырған кеңес кезеңіндегі орыстандыру саясатының әйел психологиясына да әсері аз болған жоқ. Қазақи менталитеттің, ұлттық тәрбиенің, сонымен қатар тіліміздің екінші орынға ығыстырылып, санамызда орыс психикасы қалыптасып кеткені жасырын емес.
Ұлтжанды азаматтарымыз қайсарлықпен желтоқсанның ызғарына төтеп беріп, тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жинай бастағанда, жаһанданудың жалыны ұрып, батыстың тәрбиесі қоғамымызға ентелей енді. Біз бұған төтеп беру үшін ұлттық тәрбиенің түп-тамырынан айрылмауға қармануымыз керек.
Батыстың қарымы қатты болғанымен, қазақ даналығы қандай қиын кезеңде де адалдықты таңдап, оң жолды тауып келген. Осы заманда да бұл жараның дауасын басқа жерден іздемей, өзіміздің менталитет пен қазақи тәрбиенің бал-бұлағынан іздеуімізге болады» дейді.
Абай Құнанбаев «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» десе, Ғабиден Мұстафин «не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен. Бұл өзге ұлттан кездестіре қоймайтын асыл сөз. Қазақ баласын жасынан кешегі күнге дейін сол «ұят боладымен» тәрбиелеп келді. Сондықтан ибалы, инабатты, арлы, ұятты болып ержетті. Бүгін сол халықтың «ұят боладысы» кеміп, «онда тұрған ештеңе жоғы» көбейді. Оның соңы небір көргенсіздікке әкеліп, қазақ ұлтының қабырғасын қайыстыруда.
Педагогика ғылымының докторы Жанат Төленқызының айтуынша, мұндай жағдайда ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогика мен ұлттық психология ғана көмектеседі. «Ата-бабамыздың салт-дәстүрін қыз бала тәрбиесіне пайдалана білсек, тәрбие көрген қазақ қыздары ерлерін пір тұтып, оның ата-анасы мен бауырларын құрметтеп, үлкеннің алдын кесіп өтпей сыйлап, қадірлейтін болады. Бұндай әйелдерді ер азаматтар да қатты құрмет тұтады.
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген. Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең құдіреттісінің бірі – мінез-құлық. Ата-ана баласын биязылыққа, ұяңдыққа, нәзіктікке баса тәрбиелеген. Қазақ қызындағы ұяңдылықтың өзі әсемдіктің бір кереметі. Соның ең әуелгісі, біздіңше, ар-ұят туралы ұғым. Ес білгеннен бастап ар-ұятын қызғыштай қорғай білген қыз бала ұлтымыздың қазынасы десек жарасады. Ата-анасы мен үлкендер тарапынан осындай «ұят болады» деген сөзді көп естіп, бойына сіңірген қыз баланың келешегі де жарқын екеніне сенім мол» дейді ол.
Ал қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. Қыз абыройы – болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, тәрбиелейді. Оған алдымен қыз анасы жауапты. Анасын ардақтай білмеген қыз өз абыройын да ардақтай білмейді. Өз намысын қорғаған қыз есер жігітке кіріптар болмайды, есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, инабатты болуы керек. «Қыз қылығымен» деген мақал соны меңзейді. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, оларды орындап отыруды да қыздың абыройы деп санаған. Бұларға ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпау, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, т.б. секілді дағды, икемділіктер мен мінез-құлықтық қасиеттерді жатқызған.
Қыздың бойындағы ізеттілік, көрегенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айғайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты сылдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған аталы сөз, желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып өссін, жаман аттан аулақ болсын деген ойдан туған.
Ақиық ақын М.Мақатаев:
«Қымбат-ау, қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
Не болар екен тағдыры?
Үйіріліп соқса бір құйын» деп қыз тағдырына бейжай қарай алмағандығын көрсетсе, халық батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл – өмір заңы» деп тереңнен сыр шертеді.
Президент Н.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» дей келе, жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атауларының бәрі ананың ақ сүтімен тарайтынын еске салады.
Осы ойын Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз анаға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз» деп жалғастырады.
Иә, анаға деген құрметті қайта оралтуға тиіспіз… Осы сөзді тәрбиенің өзегі етіп алсақ, ұтпасақ, ұтылмайтынымыз айқын.
Әрине, қыз тағдыры дегенде, алдымен, ұлттың тағдыры сөз болары сөзсіз. Мұндайда салмақ негізінен азаматтарға түседі, себебі қоғамдағы қыздың ары, абыройы – ол еркектің намысы. Сондықтан ер азамат жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс.
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың көбейіп кетуіне отбасындағы тәрбиенің кемшін түсіп жатқандығы басты себеп. Қазіргі отбасылық тәрбиенің әлсіздігі, әке беделінің төмендігі, толыққанды емес отбасында өсіп-жетілген ұрпақ, қыздарымыздың тәрбиесінің шайқалуы, т.б. әртүрлі ортада өзін таба алмай, адасуына мүмкіндік беріп отыр. Егер біз ұлттық тәрбиені негізге алып, ұл-қызымызды ұлтжанды етіп тәрбиелесек, отбасынан алған ол тәрбиені ешбір жаман орта өзгерте алмас еді, өйткені ол тәрбиенің түп қазығы нық қағылған.
Баланы қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің иесі балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтініміз үнемі санада жүруі тиіс. Сонда ғана Отанына адал, елін шексіз сүйетін, өзегі мықты, тамыры текті ұрпақ өсіп-жетілері сөзсіз.
Бағдагүл Балаубаева