ҰСТАЗ БІЛІГІ ШӘКІРТ ШЫҚҚАН БИІКПЕН ӨЛШЕНЕДІ
Ұстаз – абырой биігіндегі тұлға. Сондықтан хан да, қара да әріп таныған ұстазының алдын кесіп өтпейді. Ұстаздың қоғамдағы орны – төрде. Оларға деген құрмет ешқашан аласармайды. Биылғы оқу жылы менің отбасым үшін қуанышты жыл болды. Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің 4-ші сынып оқушысы, ұлым Әділбек Нұрдәулет 2018 оқу жылында аудандық «Бастау» математикалық турнирінен I орынды және осы турнирдің облыстық кезеңінен де І орынды жеңіп алған болатын. Жуырда Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы физика-математика мектебінде ұйымдастырылған республикалық «Бастау» математикалық турнирінен жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, төбемізді көкке жеткізді.
Турнирге әр өңірден 49 команда, 148 оқушы қатысты. Әділбек Нұрдәулет үш жыл қатарынан (2015, 2016, 2017) аудандық «Менің сүйікті әліппем» байқауында бас жүлде, 2016 жылы аудандық «Бастау» математикалық турнирінен I орын, облыстық кезеңінен IІI орын, 2017 оқу жылы аудандық «Бастау» математикалық турнирінен I орын, облыстық кезеңінен II орын алып, аудан абыройын көтерді.
Ұлымыздың республикалық білім додасынан жүлделі оралуына, мектебінің мақтанышына айналуына Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей басшылығының және сынып жетекшісі Тымар Жұмабекқызының үлесі зор. Сондықтан мен мектеп ұжымына аналық алғысымды айта отырып, алдағы уақытта да бұл білім ордасынан ауданымыздың, еліміздің абыройын асқақтататын шәкірттер шығады деп сенемін.
Айнұр ЕРЕКЕШОВА,
ата-ана.