» » » ШЫН ТАЛАНТТА ТҰСАУ ЖОҚ

ШЫН ТАЛАНТТА ТҰСАУ ЖОҚ



Қазақ халқы – той десе iшкен асын жерге қоятын қонақжай халық. Думанды тойымыз асабасыз өтпейтіні белгілі. Тойды басқарған асаба – ол тек тілек бiлдiрушiлердi жариялап тұрушы ғана емес, қуаныштың бүкiл жауапкершiлiгiн, ауыртпалығын өз мойнына көтеретiн тойдың серкесi. Сондықтан мұны үлкен өнер десек, артық айтқанымыз емес. Мұндай өнерді бойына дарытып, қазақтың тойын 20 жылдан астам басқарып жүрген ауданға белгілі асабаның бірі – жерлесіміз Ғалымжан Қабылов.
Оның есімі тойшыл қауымға етене таныс. Талант иесі соңғы жылдары тойдың сән-салтанаты ұлттық нақышта өтуіне атсалысып жүр.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда күлдіремін деп бүлдіретін асабалар жетіп артылады. Яғни, арзан күлкі, жеңіл әзілдің арты шат-шадыман тойдың шырқын бұзып, отырыстың мәнін жоғалып жатады. Ал, тәжірибелі асабалар думан қызған шақта тауып айтылған сөз жиналған жұртты бір серпілтіп, бөтен ойдан арылтады. Қысқасы, асаба отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайтынын біліп, сөз өнерін, халыққа жеткізу мәнерін, сөз қолдану аясын шексіз меңгергені абзал. Көптің көзі қадалған асабаның тойдағы тәрбиелік тағылымы, ізгілікті ықпалы орасан болатынын ескерсек, оған жүктелген азаматтық жауапкершілік те елеулі. Бұл жөнінде өз ойымен бөліскен Ғ.Қабылов той басқару да оңай емес екенін айтады.
– Қазір халықтың талғамы жоғары. “Топ бастау қиын ба, сөз бастау қиын ба” деген сөз бар ғой. Асабаның басты қаруы – нақты оқиғаға байланысты ойлы да орамды шешен тілі. Бiз негiзiнен топ болып жұмыс iстеймiз. Ал, сұранысқа келсек, Құдайға шүкiр, барлық өңірлерден тапсырыс түседі. Бағдарламамыздың тең жартысы ұлттық аспаптармен, оның ішінде домбырамен жүргiзiлетiндiктен, көбiнесе жастар тойынан бөлек, құдалықтарға, беташарларға, тұсаукесерлерге шақыртулар түседі, – деген ол асабаның этикасы, мәдениеті аса жоғары болу керектігін айтады.
Белгілі асаба Ғалымжан Қажмаханұлы да іскер азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілген мол қолдаудың да игілігін көріп, кент орталығынан сауда дүкенін ашты. Осылайша, ол қазіргі таңда отбалылық кәсіпті дөңгелентіп, халық сұранысына сай қызмет көрсетуде. Жұбайы Айсәуле Айекеева «Жедел жәрдем» бөлімшесінде диспетчер қызметін атқарады. Өмірлік жары екуі өмірге 7 бала әкелді. Үлкен қызы Гауһар – студент. Қалған балалары мектеп қабырғасындағы озат оқушылардың қатарында. Бірі әке жолын қуып, халық алдында өнер көрсетуді мақсат етсе, ал енді бірі дәрігер болуды армандайды.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
31 қазан 2018 ж. 1 044 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930