Жас футболшыларды іріктеу жүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында спорттық дайындығы бар 2006-2010 жылы туған ұлдарды іріктеу басталды. Бұл туралы «Намыс» футбол клубының директоры Әнуарбек Апбасов айтты, деп хабарлайды Лада.кз.
Сәрсенбек Қошкелдіұлы Келжанов атындағы «Намыс» ФК-ның арнайы топтарына іріктеу 10-11 қарашада өтеді. Жас футболшыларды дайындау жүйесін Сәрсенбек Келжанов жасаған. Жаттықтырушы - Асқар Келжанов. Айта кетейік, Асқар Келжановтың қол астындағы «Намыс-2008» ФК 28 қазан-4 қараша аралығында Алматыда өткен халықаралық турнирде 16 команданың арасында екінші орын иеленген. Футболшылар ақтық мәреде «Қайрат-2007» ФК-дан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. «Арнайы сынып қыркүйекте ашылды, біздің балалар қазірдің өзінде беделді турнирде екінші орын алды. Көптеген футболшыларды Ақшұқыр мен Қызылтөбеден таптық. Балалардың өсуіне мүмкіндік беру үшін аудандардағы спортты дамытуымыз керек. Олар жеңіске жеткен кезде маған күш береді», - деп бөлісті Әнуарбек Апбасов. Арнайы сыныптағы жаттығу 11:00-де басталып, 12:30-да аяқталады. Кейін жас футболшылар асханада тамақтанып, оқуға барады. Жаттығулар тегін жүргізіледі. «Бізге кейбір ата-аналар көмектеседі. Балалардың таксиін, жаттығулары мен тамағын өз қалтамнан төлеймін. Үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Бірақ жарыстарға бару үшін балаларға демеушілер қажет», - деп атап өтті ол.