» » » ҚАРА ДОМБЫРАНЫҢ ҚАСИЕТІ

ҚАРА ДОМБЫРАНЫҢ ҚАСИЕТІ

– Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Бұл – ақын Қасым Аманжоловтың домбыра жайлы өлеңі. Екі ішекті осы бір музыкалық асбап ұлтымыздың қасиетін айғақтап жатқандай көрінеді.ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐомбÑÑа
Оның пайда болуы туралы аңыз көп. Солардың бірі – «Мұңлық пен Зарлық» оқиғасы. «Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дарға асуға бұйрық береді. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы толған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген қыз егізін іздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбіне келіп, домалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» – деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал, үстіңгі ішек бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» – деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» – дейді аңыз-әңгімеде.
Бұдан бөлек, домбыра ішегі үш ішекті болған екен. Оған қатал хан қорғасын құйдырып, бір ішегі үзіліпті деген де әңгіме бар. Бұл жайында «Ақсақ құлан» деген күй де шыққан. Ерте заманда Жошы ханның (кейбір деректерде Шыңғыс хан деп айтылады) ұлы құлын аулауға шығып, үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны өлтіреді. Жошы хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Сол кезде бір жігіт келіп домбыра алып, бір күйді тарта жөнеледі. Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін, домбыраның көмейіне қорғасын құйғызады.
Домбыра туралы қандай аңыздан сыр тартсаң да оның қасиетті екенін аңғарасың. Қадыр ақынның: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп жырлауында терең мағына бар. Одан төгілген күй мен әуезді әуеннің өзі үлкен әңгімеге арқау бола алады.
Қара домбыра өзін қадірлей алатын, қасиетін білетін жанның қолына тисе күмбірлеп сала береді. Содан болар, жанына осы бір ұлттық асбапты серік еткендер оны лайықты мұрагерге тапсыруға тырысады. Құрманғазы өз өнерін Динаға мирас қылса, Сүйінбай домбырасын Жамбылға аманаттағаны белгілі. Сол секілді Құдайберген Жұбановтың да домбырасы айналып келіп Нұрпейіс ақынның қолына тиген. Бұл жайында ақын Әбділда Тәжібаев пен мәдениеттанушы Бердалы Оспан жазды.
Оқиға желісі былай баяндалады. Профессор Қ.Жұбанұлына өкімет басшылығы тарапынан «халық жауы» деген жала жабылып тұтқынға алынған соң, ғалымның отбасы қиыншылық көріп үйдегі заттарын сата бастайды. Бір күні ғалымның жұбайы отағасының домбырасын сату туралы да ұйғарымға келеді. Ғалымның інісі Ахмет Жұбанұлы сол кезде досы Әбділда Тәжібаевқа телефон шалып, жеңгесі ағасының домбырасын сатайын деп жатқанын айтады. Содан Әбділда ақын Мұхтар Әуезовтен қарызға ақша сұрап, Жұбановтың домбырасын сатып алған екен. Әбділда Тәжібаев: «Аяулы адамның аяулы дүниесі екені көрініп-ақ тұр. Сыртқы қабының өзі екі жерден кілттеледі екен. Ал, ішін қара-қошқыл кейде қызыл-күрең де боп көрінетін барқытпен астарлапты. Кебуі әбден жеткен, шертіп қалсаң ішексіз-ақ дыңылдап тұрған ағаштан жасалған домбыраның сырлауы да келісімді-ақ, сырты қызыл қына секілді де пілдің сүйегімен ұқсас болыпты. Құлағы мен тиегі де бір ағаштан жасалыпты» деп алған домбырасын бейнелейді.
Бір күні қазақтың белгілі ақыны Нұрпейіс Байғанин Әбділда Тәжібаевтың үйінде қонақта болып, әлгі домбыраны сұрап алған екен. Әбділдадай тұлға «Аталармен кездесу» атты естелігінде осы оқиғаны жазады.
«Нұрекең біздің үйден аттанар күні жақын достар түгел жиналдық. Нұрекең өз қолынан сарқыт асатты бізге. Бірақ қоштасуы сондай ауыр болды, біз жылауға жақын едік.

Апам киініп отырған Нұрекеңе тақау отыра беріп:
– Нұреке! – деді дауысы дірілдеп. – Аз ғана күн сұхбаттас болдық, өз қолымнан дәм таттырғаныма қуаныштымын. Сіз жүремін дегенге мен де, мына Әбділда да қиналып отырмыз. Шын сөзім, қимаймыз сізді, Нұреке, – деді жылай жаздап. Содан соң өзін мықтап іштей ширатып алып, қайта сөйлеп, қысқа қайырды: – Не қалайсыз, Нұреке, қалағаныңызды алыңыз!» деді. Сендер қимасаңдар, менде қимаймын. Айеке, қимасам да қайтемін, сый құрметтеріңді, ықыластарыңды айта жүремін. Енді жүрер алдымда бата берейін, – деп қарт дұғаға қолын көтерді. Бәріміз де ақын лебізін ұйып тыңдап қалдық. Нұрекеңнің батасы оның біздің үйде айтқан соңғы жыры болды. Барлық жақсылықтарды бізге, біздің отбасымызға тілей келіп:
– Іші томпайған келінім аман босансын, ұл тусын! Сол ұл Айманкүл, Әбділда сендерге баянды болсын! Мына домбыра маған баянды болсын! – деп бетін сипады. Мен: «Әумин» деп қимас домбырамды қимас атаның қолына ұстаттым».
Қалай болған күнде де Жұбанов домбырасы өнерді шын бағалай білетін Тәжібаевтың отбасында сақталды. Одан оның пернесінен жыр төккізетін Нұрпейіс ақынға бұйырды. Қара домбыраның қасиеті де осында жатыр.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
20 қараша 2018 ж. 1 725 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930