» » » ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЕСЕЛЕП ҚАЙТАТЫНЫН ҰМЫТПАҒАН ЖӨН

ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЕСЕЛЕП ҚАЙТАТЫНЫН ҰМЫТПАҒАН ЖӨН



«Алланың жолында не жұмсасаңдар да,
Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят).
Адам баласы үшін өзгеге көмектесу, қолынан келгенше мұқтаж жандарға жәрдем беру ежелден келе жатқан қайырлы, сауапты іс болып саналады. Асыл дініміз ислам да “мұсылман мұсылманға бауыр” деп бір-біріне кішіпейілділікпен, мейірімділікпен қарауға ша­қыра­ды. Анығында, мейірімді адамның мінезі көркем, кішіпейілдің қолы ашық, жомарт болатыны белгілі. Ал, қорғансызға қорған болу, жұртқа жәрдем беру пейілі мен көңілі даласындай кең, мінезі дархан қазақ баласының қанына сіңген қасиет. “Жесірін ұзатпаған, жетімін жылатпаған” қазақта бұл үрдіс әлі де сақталып келеді. Соның бір көрінісі ретінде Жалағаш ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жасалып отырған қамқорлықты атап өтуге болады.
Жалпы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек беруде ауданымызда көпке үлгі болар­лықтай шаруалар атқарылуда. Көмекті қа­жет ететін жүзден аса отбасыға қамқорлық жа­­сау мақсатында мекеме басшылары мен кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсету тапсы­рылған болатын. Бұл тізімде аудан әкімінен бас­тап оның орынбасарлары мен барлық бөлім басшылары бар екенін айта кеткен жөн.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсаулықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жастықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандарды көргенде, жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтырмайтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді. Қазақта “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген тәмсіл бар. Бұл сөз “Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі” деген нақылмен сабақтасып жатқандай әсер қалдырады. Өзіне бөлінген отбасыға қамқорлық жасауды тапсырма деп емес, парызым, міндетім деп ұққандар көмек қолын созудан аянып жатқан жоқ. Атап айтқанда, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ветери­нария, денешынықтыру және спорт сынды бөлімдер он мың мен отыз мың теңгенің арасында бірнеше рет көмек көрсетіп, қаржылай демеу жасап, азық-түлік алып берген. Бұл тізімге жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары бөлімдерін де қосуға болады. Олар он мың мен қырық мың теңгенің арасында демеушілік жасаған. Мұқтажға жәрдем болуда мектептер де аянып жатқан жоқ. Халықты жұмыспен қам­ту орталығы мен индустриалды-аграрлық колледжі, “Агрохолдинг Байқоңыр” ЖШС, Жалағаш су шаруашылығы, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана, оқушылар үйі, электр тарату торабы, орталық кітапхана, мәдени сауықтыру кешені, аудандық тарихи-өлкетану музейі, халыққа қызмет көрсету орталығы, “Жалағаш жаршысы» аудандық газеті редакциясы, аудандық салық басқармасы, статистика бөлімі мен мұрағат, әскери комиссариат, орман шаруашылығы сынды мекемелер де көмек қолын созушылардың қатарында.
Бұл қатарға кейбір мекемелердің қосылмай қалғанын оқырман қауым түсініп отырған шығар. Біз бұл сөзімізбен олар қайырымдылық бағытында жұмыс жасамаған деуден аулақпыз. Тек жәрдем берменгендердің түсін түстейміз деп, оларды айдай әлемге әйгілеп қоямыз ба деп отырмыз. Сол себепті, аттарын атауды жөн көрмедік. Әйтпесе, жәрдем бермегендердің санатында іргелі мекемелер де бар. Осындайда, “көршің аш отырса, өзіңнің тоқтығыңнан не пайда?” деген сөз ойға оралады. “Ізгіліктің бейнесі жасаған ісіңнен көрінеді” деген бар емес пе?! Қалай болған күнде де, жасаған жақсылықтың еселеп қайтатынын ұмытпаған жөн.
Түйін: Қайырымдылық – мұқтаж жандар­ға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айна­­ласындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Қайырымдылық туралы айта берсек сөз көп. Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

27 қараша 2018 ж. 924 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930