ХАЛҚЫ «ТӨБЕ БИ» АТАҒАН ҚЫРҒИ БИ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында баһадүр батыр бабаларымыздың есімі ұлықталып, төл тарихымыз қайта жаңғырды.
Қазақ халқы мемлекет болып қалыптасуда ғасырлар бойы ата-бабаларымыз түйенің қомында, аттың жалында жүріп, Еуразия кеңістігінде ұлан-ғайыр жерді бүгінгі ұрпаққа аманаттап кетті. Халқымыз ел мен жерін сыртқы жаудан қорғаған батырлар, ел бірлігін пәтуалы сөзімен ұйыстырған шешешндер мен билерге кенде болмаған. Сондай тұлғалардың бірі – Ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Сәрке батырдың қалмақ-жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған ерліктері бүгінгі күнге дейін ел есінде.
Өмірқұл баласы Сәрке бабамыздың немересі заманында батыр, би, дипломат болған Ағайдарұлы Байқадам батырдың замандасы әрі құрдасы Қырғи бидің де даналығы ел аузында. Халқына «Төбе би» атанған Қырғи бидың есімі бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қайта жаңғырып, ұрпақтары баба ерлігін ұлықтады.
Сарыұлы Қырғи бидің еліне, халқына жасаған ізгі жұмыстары, ғибратты өмір деректері жайлы кезінде Сыр өңірінің көне көз тарихшы абыз ақсақалдары Камал Бердәулетовтің «Бұқарбай батыр», Мәдібай Баймахановтың «Байқадам батыр» кітаптарында жарық көрген болатын. Бүгінде ардагер-жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рысбай Кәрімов Қырғи бидің ерлігін зерттеп және ел есінде сақталған аңыз әңгімелерді жинақтап келеді.
– Бұл күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы халықтан қолдау тауып, пәрменді түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұндай игі шаралар көненің көзін ашып, ұлттың рухын көтере берері сөзсіз. Қырғи би жайлы көне көз қариялардың естеліктерінен біршама зерттеу жүргізіп, баспасөз арқылы оқырмандарды хабардар етіп келеміз. Өткенді ұлықтап, өшкенді қайта жандыруда өзіндік үлесі бар бағдарламалық мақаланың арқасында біз бабаларымыз жайлы тың деректерге, тарихи орындар жайлы мардымды мәліметтерге қол жеткізудеміз. Игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз, – дейді жазушы.
Заманында әділ сөзімен қара қылды қақ жарып, үлкен беделге ие болған Қырғи биге халқы «Төбе би» деп атақ берген. Ол 1774 жылы дүниеге келіп, сексен жасқа жақындап Қараөзек бойында дүниеден озды. Би бабамыз дүниеден өткеннен кейін артында қалған ағайындары сол кездің белгілі тұлғаларына сай үрдісімен үй там салған. Кесене Қаракеткен елді мекенінің солтүстік шығысына қарай 29 шақырым, Құлжан қыстауынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Кесененің салынғанына бір жарым ғасыр уақыт өтсе де үй там құрылысы жақсы сақталған.
Айта кетейік, 2014 жылы тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі Қырғи би кесенесін мемлекет қорғауына алып, белгі қойған. Өткен жылы кесененің ауласы қоршалып, көктас-белгі қойылды. Сондай-ақ, өткенді ұлықтаған ұрпақтары Бұқарбай батыр ауылына Қырғи биге арнап зәулім ескерткіш тақта орнатты.
Н.ЖАНҰЛЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).