» » » МОНШАҚТЫ ҚАЛАШЫҒЫ

МОНШАҚТЫ ҚАЛАШЫҒЫ


Моншақты  қалашығы Жалағаш кентінің оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 км жерде, Ақсу ауылдық округі аумағында орналасқан. Бұл жер жергілікті тұрғындарға «Жалаңаш төбе»  деген атаумен белгілі.
Тарихшылардың сөзінше, қалалық Қаңлы дәуіріндегі қаланың орны. Бұл қаланыСырдария өзенінің бір арнасы – Қуандария бойындағы Жетіасар  қалаларыныңшығыстағы сілемі десе де болады. Өкінішке орай, қаланың нақты атауы мен тарихы әзірге белгісіз.
Қалашықтың казіргі пішіні екі қабатты төбеден тұрады. Жоғарғы қабаттың өлшемі – 34 метр болса, биіктігі 9-10 метр. Ал, төменгі  қабатының  өлшемі – 55х50, биіктігі 6-7 метрге жуықтайды.
      Қалашықты 2006 жылы Ж.Құрманқұлов басқарған ШРАЭ (Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы) зерттеп, географиялық  координаттарын анықтаған екен. Алайда, қазба жұмыстары жүргізілмепті.
Н.ЖАНҰЛЫ
31 қаңтар 2019 ж. 1 310 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031