АСАРЛАР ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ
Киелі Жалағаш топырағындаежелгіқалашықтар мен мәдени-ескерткіштер көптеп кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлердің қатарында көне асар төбелер де бар. Солардың бірқатары Таң ауылы аумағында орналасыпты.
ДОМАЛАҚ АСАР
Киелі орындардың бірі Таң ауылының оңтүстік-шығысында шамамен 9-11 шақырымдай жерде орналасқан Домалақ асар қалашығы. Қаланың ежелгі атауы мен тарихы әзірге белгісіз. Бұл жерді жергілікті тұрғындар Естек асардеп те атайды. Себебі, сол маң ертеректе «Естек» деген көлдің табаны болған деседі.
Қала екі сатылы қабаттан тұрады. Жоғарғы қабаттағы төбе – цитадельдің (қала әміршісі тұратын ішкі бекініс) жалпы формасы төртбұрышты (квадратты) болып келген. Көлемі – 50х50 метрді құраса, биіктігі 15 метрге жуықтайды. Қалашықтың ішкі беті бел ортасына қарай ойыңқы. Цитадельден дуалға дейінгі аралықта, аумағы 30 метрдей бос кеңістік жатыр. Заманында цитадель айнала дөңгелек формадағы күзет мұнаралары бар дуалмен қоршалған. Казіргі уақытта дуал құландыларының ені – 612 метр. Қала сырты ені7-8 метр болатын ормен қоршалған. Жалпы, қаланың көлемі 160 х 280 метрден асып түседі.
Айта кетейік, бұл асарға 1962 жылы Хорезм археология-этнографиялық экспедициясы барлау жұмыстарын жүргізіпті. Алайда, кейін қазба жұмыстары қолға алынбаған.
ҮҢГІРЛІ АСАР
Домалақ асардың маңында Үңгірлі асар қалашығыда бар.Бұл – Қаңлы дәуірінің көрнекті ескерткіштерінің бірі. Қала құландысының жалпы пішіні төртбұрышты (квадратты) болып келген. Оның көлемі шығыстан батысқа дейін 300 метрге, оңтүстіктен солтүстікке дейін 250 метрге созылған. Қала үш сатылы қабаттан тұрады. Бірінші қабаттаорналасқан цитадельден көлемі 60х35 метрді құраса, биіктігі 18 метрге жуықтайды. Ал, цитадель айнала биік қорған-дуалмен қоршалған. Қалашықтың ішкі беті шеңберлене келе екінші қабатқа қарай шығады. Екінші қабат жалпақ алаңша пішінінде цитадельдің батыс және шығыс жақ қанатына жапсарлана орналасқан.
Қаланың цитаделі мен дуалдардың сыртқы беті мен етегінде жауын- шашынның әсерінен үңгірлер мен арықтар пайда болған. Сондықтан да, жергілікті тұрғындар оны Үңгірліасар деп атап кеткен.
Қалаға кіретін бас қақпа дуалдың солтүстік бетінде орналасқан екен. Үшінші қабат цитадель мен екінші алаңның шығыс, оңтүстік және батыс жақ қанатын қамтыған. Цитадельден үшінші алаңның шетіне дейінгі арақашықтық, шамамен 40-60 метрді құрайды. Қала орнына С.П.Толстовтың жетекшілігімен барлау жұмыстары жүргізілген. Бірақ, бұл жерге де кейін қазба жұмыстары жүргізілмеген.
ҚОСОБАЛЫ АСАР
Қособалы асарда Таң ауылының шығысында шамамен 8 шақырым жерде орналасқан. Қаланың жалпы формасы төртбұрышты (квадратты) болып келген. Қала екі қабаттан тұрады. Жоғарғықабаттағы цитадельдің биіктігі әртүрлі деңгейде. Ең биік бөлігі – оңтүстік-батыс жақ беті. Цитадельді қоршаған дуалдың кейбір жерлерінде күзет мұнараларыныңқұландылары казіргі уақытқа дейін сақталған. Қаланың бас қақпасы дуалдың оңтүстігінде және ол қақпаны дуалдан шығыңқы етіп салған екі күзет мұнарасы қорғап тұрған. Цитадельге жапсарлана көлемі 200 х 200 м болатын алаңша орналасқан. Цитадельдің ішкі беті ойпаттау болып келген. Сыртқы қабатыныңкейбір жерлерін арықтар мен сайларғажиналған ағынды сулар шайыпкеткен.
Қособалы асар – аудан көлеміндегі қаңлы дәуіріндегі қала мәдениетінің дамуын көрсететін көрнекті археологиялық ескерткіштердің бірі. Қособалы асар деп жергілікті тұрғындар қаланыңжалпы пішініне қарап (бір- біріне мінгескен қаланың қабаттары) атаған. Казіргі уақытта қалашықтың үстіңгі мәдени қабаты дұрыс сақталмаған. Қала орнына барлау жұмыстарын 1962 жылы С.П. Толстов жүргізіпті.
Н.ҚАЗБЕКОВ.