» » » БИЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

БИЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Бұрын араздасқан ағайындар арасындағы жанжалға ауылдың үлкендері араласып, туындаған дауды шешіп отырған. Қазіргі кезде дау да, кикілжің де жиелегенің аудандық сот деректерінен де аңғаруға болады.

Ресми дерек бойынша өршіп тұрған даулардың көпшілігі неке бұзу, алимент өндіру, сондай-ақ, тұрғын үй, жер, мүлік дауларын құрайтын көрінеді. Оған дәлел қазіргі кезде сотқа түскен арыздың басым көпшілігі мәселе төңірегінде болып отыр. Осыған орай аудан әкімдігінде аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев билер кеңесін құру жөніңде бастама көтерді. Басқосуға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мен құқық қорғау орган өкілдері және аузы дуалы ақсақалдар қатысты.
         Жиында сөз алған аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын жеткізді.
         – Өңірде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар бар. Осындай ел ағалары, ауыл ақсақалдарынан билер кеңесін құрып, халық арасында орын алатын дау-дамайларды реттеп, бітімгершілікке шақырып отырса сотқа арызданушыларда азаяды деп сенемін. Жалпы, біздің халық – дау, сот деген дүниелерден алшақ жүруге тырысады. Сол себепті бұл бастама ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде бар дүние десек қателеспейміз. Мәселен, соттың міндеті қара қылды қақ жара отырып, заң жүзінде кінәліні жазалау болса, ал, билер кеңесінің мақсаты екі жақты татуластырып, азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше қостараптың да ақ батасын алатындай дәрежеде жұмыс жасауды көздейді, – деді сот төрағасы.
Нақтырақ айтсақ, бұл билер кеңесі дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын жағдай туғызса, екіншіден, екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешеді. Осы мақсат-міндеттерді қолдана алсақ, біраз азаматтардан түскен арыз-шағымдарды сотқа жеткізбей-ақ шешуге мүмкіндік болмақ.
Біз көбіне сотқа арызын арқалап келген жастар жұбайлардың райынан қайтатуға тырысамыз. Мақсат – отбасын сақтап қалу. Егер, алған бетінен қайтпаса, әрине арызы тіркеледі, заң аясында некесі бұзылады. Мұнан бөлек, басқа да отбасылық даулар бойынша талап арыз саны көбейді. Адам басына шаққанда әрбір бесінші азаматтың дауға тартылып, соттасып жүруі неліктен? Қазақ халқы ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген халық емес пе? «Балалығың он бестегі шешеңнен, даналығың алпыстағы әкеңнен» деп Қадыр ақын айтқандай, аңғалдығы мен адалдығын жоғалтпаған, дана халықпыз. Осындай сақталған қасиеттеріміз бола тұра ұлттық санамыздың улануы ма, әлде жаҺандану толқынының әсері ме, жылдан жылға даукес болып барамыз. Мұны тоқтату, болмаса қалыптасқан ахуалды мұнан жақсарта түсу өз қолымызда. Демек, билер кеңесі де өз нәтижесін береді деп сенемін, – дейді сот өкілдері.
Ия, жасыратыны жоқ, ел ішінен «сотқа беремін», «соттасып жүрмін» деген сөзді жиі естиміз. Бұрын «Бас жарылса бөрік ішінде» дейтін халқымыз өз арасындағы дауын басқаға естірткісі келмеген. Өйткені, ондай дау-дамайды бір ауыз сөзімен жөнге салып отырған ақсақалдарымыз әр үй сайын болған деседі. Осылай деген ардагерлер жанжалдасып қалған адамдардың арасындағы дауды сотқа жеткізбей, оны ушықтырмай бітіммен, ымырамен шешу жолдарын қарастырды.
         Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайратбек Сарсенбаев дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығын айтып, билер кеңесінің құрамын бекітті. Айта кетейік, аудандық билер кеңесінің құрамына өңірге белгілі, елге сыйлы еңбек ардагерлері мен кәсіби медиаторлар кірді. Енді олар сотқа дейінгі дау-дамайды шешіп қана қоймай, араздасқан ағайындарды ымыраға келтіріп, ағайындардың ауызбірлігін сақтауға күш салмақ.
Н.ҚАЗБЕКОВ.
16 мамыр 2019 ж. 1 093 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930