» » » МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

     
         Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа жолдауында «Сот жүйесін одан әрі жаңғырту» қажеттігін баса айтты. Осы мақсатта облыста сот жүйесінде ауқымды жұмыстар қолға алынды. Түрлі пилоттық жобалар табысты жүзеге асуда. Солардың бірі – «Отбасылық сот» жобасы.

         Алғаш рет отбасылық соттың қызметі Жапонияда 1947-1948 жылдары  қалыптасқан. Жапонияданкейін Франция, Англия,Белгия, Люксенберг пен АҚШ-та жүзеге асты.Бізде пилоттық жоба ретінде қолға алынған «Отбасылық сот» Сингапур елінің жүйесіне негізделіп жасалды.     
         Отбасылық сот жобасының мақсаты түрлі отбасылық дауларды оңтайлы жолмен шешу және отбасы құқығын сақтау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар пікірін ескерусіз қалдырмау. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалар енгізіп, отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы психологиялық көмек көрсетіп, отбасылық құндылықтарды насихаттап, қажетті іс-шаралар өткізіп, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу мәселелері бойынша бірлескен әлеуметтік бағдарламалар әзірленуде.
         Негізі, Қазақстанда Жоғарғы сот бастамасымен тұңғыш рет «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс жасай бастады. Отбасылық соттың аясында қаралып жатқан істердің сапасы жоғарылап, саны азаятыны анық.
         Статистикалық мәліметтер бойынша өршіп тұрған даулардың көпшілігі неке бұзу, алимент өндіру, сондай-ақ, тұрғын үй, жер, мүлік дауларын құрайды. Қазіргі күні Қазақстандағы түйткілді мәселелердің бірі де осы.
          Қоғамда «кеше үйленіп еді ғой, бір жылға жетпей ажырасып кетіпті», «біреудің қызы ажырасып, үйіне баласымен қайтып келіп отыр» немесе «біреудің келіні кетіп қалыпты» деген сөздерді жиі естиміз.
Рас, қазіргі кезде сотқа түскен арыздың 3 тен 1-і осы мәселе төңірегінде болып отыр. Жасыратыны жоқ, көп жағдайда ерлі-зайыптылардың ажырасуына мінезінің жараспауы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, бір-бірінің туысын сыйламауы себеп болады екен. Соның ішінде, екі жақтыңтуыстарының себебінен де ажырасып жатқан жұбайлар да аз емес.
          Ал, біз көбіне сотқа арызын арқалап келген жастар жұбайлардың райынан қайтаруға тырысамыз. Мақсат – отбасын сақтап қалу. Егер, алған бетінен қайтпаса, әрине арызы тіркеледі, заң аясында некесі бұзылады. Мұнан бөлек, басқа да отбасылық даулар бойынша талап арыз саны көбейді. Қызылорда облысының өзінде адам басына шаққанда әрбір бесінші азаматтың дауға тартылып, соттасып жүргені көрінеді. Ол неліктен? Қазақ халқы ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген халық, «Балалығың он бестегі шешеңнен, даналығың алпыстағы әкеңнен» деп Қадыр ақын айтқандай, аңғалдығы мен адалдығын жоғалтпаған, дана халық. Осындай сақталған қасиеттеріміз бола тұра ұлттық санамыздың улануы ма, әлде жаҺандану толқынының әсері ме, жылдан жылға даукес болып барамыз. Мұны тоқтату, болмаса қалыптасқан ахуалды мұнан жақсарта түсу өз қолымызда.
         Егер байқап отырсақ, ел ішінен «сотқа беремін», «соттасып жүрмін» деген сөзді жиі естиміз. Бұрын «Бас жарылса бөрік ішінде» дейтін халқымыз өз арасындағы дауын басқаға естірткісі келмеген. Өйткені, ондай дау-дамайды бір ауыз сөзімен жөнге салып отырған ақсақалдарымыз әр үй сайын болған. Жанжалдасып қалған адамдардың арасындағы дауды сотқа жеткізбей, оны ушықтырмай бітіммен, ымырамен шешу жолдарын көрсетуіміз керек.
         Міне, осыған қатысты ҚР Жоғарғы соты тарапынан «Отбасылық сот» жобасы қолға алынып отыр. Отбасылық дауларды оңтайлы жолмен шешуді және отбасы құқығын сақтауды көздейтін бұл жоба осындай мәселелерді онтайлы шешуге көмектеседі.

А.МИЗАНБАЕВ,
аудандық сот төрағасы.
17 сәуір 2019 ж. 741 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930