МЕДИАЦИЯ – МӘМІЛЕ АЛАҢЫ
Медиация дау-дамайлар мен түрлі жанжалдарды соттан тыс шешу нысаны. Екі тарапты бітімгершілікке келтіріп, ортақ мәмілеге шақыратын бұл институтты жетілдіретін кез келген сыңайлы. Себебі, соңғы жылдары сотқа келетін арыз-шағымның саны күрт өскен.
БАБАЛАР ЖОЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ
БАБАЛАР ЖОЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ
Бұрын қазақ жерінде абақты болмағаны анық. Араздасқан ағайындар арасындағы жанжалға ауылдың үлкендері араласып, туындаған дауды ауыл ақсақалдары шешіп отырған. Шешендік сөзбен шиеленіскен дауды өршітпей, екі жақтың да уәжін тыңдап, ортақ мәмілеге келтірген. Қазір дау да, кикілжің де көбейді. Оған бірден-бір себеп – нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Кез келген ұсақ-түйек дау-шармен ел сотқа жүгінетін болды, – дейді мамандар.
Бүгінде, дау-дамайды сотсыз, екі жақтың мәселесін мәмілегерлік жолмен шешіп берудің ұтымды жолын ойластырып, арнайы заң да қабылданды. Осыдан 7 жыл бұрын, ҚР «Медиация туралы» заң күшіне енді. Сол уақыттан бері ауыл-аймақтарда аузы дуалы ақсақалдар ішінен кәсіпқой емес медиаторлар бекітілді. Біздің өңірде де мұндай мамандар 30-дан асып жығылады. Десе де, бүгінге дейін олар дауды шешуге білек сыбана кірісе қойған жоқ. Мұның себебі, сәрсенбі күні Бұқарбай батыр ауылында аудандық соттың төрағасы Асылхан Мизанбаевтың қатысуымен өткен жиында талқыланды. Басқосуға «Қоғамдық келісім» КММ-ның сарапшысы Гүләйім Мәлік, кәсіби емес медиаторлар Жанғабыл Ибраев, Қабыланбек Нұрмағанбетов, Сапарбек Мыханов, Жайлау Тілеубаев, Алибек Нұрмағанбетов пен ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты.

АРЫЗДАСУ АҒАЙЫНДЫ АРАЗДАСТЫРАДЫ
Өткен жылы аудандық сотқа түскен істердің басым көпшілігін ұсақ-түйек дау-шарлар құраған. Оның ішінде, сотта істі қарау кезінде тараптардың медиaциялық шарт жасауымен қысқартылғаны да бар. Сандарды сөйлетсек, медиация тәртібімен 56 қылмыстық іс, 58 азаматтық іс және 39 әкімшілік іс қысқартылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда медиация заңы бойынша бітімге келушілердің қатары көбейгендігін көрсетіп отыр. Десе де, ауыл-аймақтарда медиаторлардың рөлін әлі де арттырып, мұны халыққа кеңінен насихаттау қажет. Ауыл халқының басым көпшілігі дау-жанжалды сотқа жеткізбей-ақ, медиацияның да көмегімен шешуге болатынын білгеннің өзінде, медиаторларды қайдан табуға болатынын, олардың алдына не мәселемен бару керектігін білмейді. Өйткені, бұл саланың насихаты аз. Сол себепті, көпшілік медиаторлардың көмегімен тығырыққа тірелген шаруасының шешілетінінен әлі де хабарсыз және толық сене қоймайды. Өйткені, кәсіби емес медиаторлардың арнайы кабинеті, қолдарында куәлігі немесе арнайы бір курстан өткен сертификаты жоқ. Бірақ, мамандар өткен жылы ауылдарда медиаторлар отыратын кабинет ашылғанын айтады.
– Өткен жылы 4 медиатор арнайы оқу курсынан өтіп, сертификат алды. Оларды оқыту биыл да жалғасатын болады. Ал, кәсіби емес медиаторларға арналған кабинет тек Ақсудан басқа ауылдардың барлығында ашылды. Қазіргі таңда, медиация жұмысын дамытуға басымдық берілуде. Осыған орай, ауылдық округтердегі медиаторлардың қатарын толықтыру көзделіп отыр. Мәселен басқа аудандардағы елді мекендерде кәсіби емес медиаторлар саны өңірде көп. Ал біздегі әр ауылдарда тек 1-2 ғана медиатор тіркелген. Бұқарбай батыр ауылында ғана 4-еуі бар. Араздасқанға араша болып, дауды сотқа дейін шешуге аузы дуалы, ауылға сыйлы ақсақалдар көбірек атсалысса деген ұсынысым бар, – деді сарапшы Г.Мәлік.
Нақтырақ айтсақ, медиатор – сот органы емес. Дей тұрғанмен жанжалды шешудің ең жұмсақ балама түрі десек болады. Айта кетейік, медиатор сот әрекеттеріне қатысы жоқ бейтарап делдал, оған азаматтар ерікті жолмен жүгіне алады. Оның тиімді жағы даудың шешімін тараптардың екі жақты келісімімен және екі жақты даудың тез әрі қолайлы тәсілмен мүдделі түрде орындалуына мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге, медиатор дауды шешіп, екі тарапты бітімгершілікке келтірсе, бұл істі сот немесе басқа да құзырлы органдар қайта қарамайды. Әсіресе, кәмелеттік жастағы балалар біліп-білмей жасаған олқылық әрекеттері үшін заң алдында жауапқа тартылып, оның қылмысы электрондық базаға енгізіліп қойса, кейін ол оқуға түсіп, жұмысқа орналасқанда қателігі алдынан шығып, кері әсер тигізіп жататыны жасырын емес. Ал, мәселе дер кезінде медиация арқылы шешілсе, оның бұл ісі электрондық базаға да тіркелмейді және жария етілмейді.
– Медиация институты қазақ халқына жат емес, керісінше, жақын екенін айта кеткім келеді. Жалпы, біздің халық – дау, сот деген дүниелерден алшақ жүргісі келеді ғой. Қазақ басын дауға қалдырмауға тырысқан. Сол себепті жұртқа қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған институт. Қазақта кез келген дауды шешудің әдіс-тәсілдері көп болған. Соттың міндеті қара қылды қақ жара отырып, заң жүзінде кінәліні жазалау болса, ол кездегі дауларды шешетін тұлғаның мақсаты – тек екі жақты татуластырып, ертең екеуі бір-біріне ала көз болмауын, кейін қайта жауласпауларын қамтамасыз ету болған. Мына заманда қабылданып жатқан медиация заңы біздің болмысымызға сәйкес азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеде жұмыс жасайды деп сенемін. Медиацияның мақсаты да сол. Біріншіден, дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу болса, екіншіден екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешу. Осы мақсат-міндеттерін қолдана алсақ, біраз азаматтардан түскен арыз-шағымдарды оңай шешуге зор мүмкіндік болмақ, – деді жиынды ашқан аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев.
Сондай-ақ, ол медиаторлардың рөлін арттыру бағытында нақты жұмыстар қолға алынатындығын айтып, тұрғындардың ой-пікірлерімен бөлісті.

АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
Дау-дамайды ары қарай өршітпей, бітімгершілікке келтіру, шыншылдыққа шақыру медиатордың мықтылығына байланысты. Бұл заңның мақсаты – дауласушы тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету, екі жақты өзара бітімге келтіріп, татуластыруға қол жеткізу. Бітімге келу, татуласу, бір-біріне кешірім жасау біздің ұлтымыздың өткен тарихында бар нәрсе. Сондықтан, кәсіби емес медиаторлардың рөлін арттырып, кеңінен насихаттау керек. Ауыл ардагерлерінің пікірлері осыған саяды.
Әлібек Нұрмағанбетов, кәсіби емес медиатор:
– Егер медиацияны дамытсақ, оның тиімді тұсы көп. Соны халыққа кеңінен насихаттауымыз керек. Бұл шет елдерде бар тәжірибе. Ең тиімдісі сол – ағайындар арасында туындаған дауды сотқа жеткізбей, екі тараптын да уәжін тыңдай отырып, бұрынғы билердің әдісімен шешілуінде. Сондықтан, бұл институтты дамытатын кез келді. Кәсіби емес медиаторларға кабинет берілді дейді. Дұрыс-ақ. Бірақ, соның сыртына аты-жөндері толық көрсетіліп жазылса, қабылдау кестесі құрылса медиаторды халық білер еді. Сонда дауласқан азаматтар мәселені сотқа жеткізбей шешуге өздері келеді. Бұған дейін, ауылдағы бір-екі дауға араласып, бітімгершілікке шақырдым. Өткен жылы арнайы курстан өтіп, сертификат алдым. Бірақ, әлі де біліктілігімді жетілдіргім келеді. Сондықтан, семинарлар, оқу-курстары жиі ұйымдастырылып тұрса, біздің кәсібилігіміз шыңдалар еді.
Төлеп Сәменов, ауыл ақсақалы:
– Бұрын бір ауылды бір ғана ақсақал басқарған. Осы медиация дамыса, сол ауылдарда қылмыс азайып, қазақы тәртіп мәселесі жанданар еді. Бұл заңның қоғам мүддесін қорғауда атқарар рөлі зор. Медиацияның қағидаттарына келер болсақ, ол – еріктілік. Азамат басына іс түссе медиация орталығына бара ма, жоқ па өзі шешеді. Медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқығы сақталуында. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Егер екі тарап медиацияның көмегіне жүгінеміз деп тұрса оған ешқандай орган араласа алмайды. Одан кейінгі тағы бір қағидаты – құпиялылығы. Медиатор және екі тарап қана мәселенің қалай шешілгенін біле алады. Осындай ерекшеліктері бар. Бұл заңды әрбір азамат жақсы түсінулері керек.
Қалқабат Кенжеғұлов, ардагер:
Қазақ «Еліңнің ішін даудан сақта, сыртын жаудан сақта» деген. Елінің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтап, дауды шешуге ақсақалдар араласуға тиіс. «Ауыл ағасыз, тон жағасыз болмайды» дейтін қазаққа бұл тіпті түсінікті әрі жақын нәрсе. Заң осыған жол ашып беріп отыр. Үлкеннің сөзінен аттап өтпейтін халық едік қой. Міне, соған қайта келдік. Бұл қуантарлық жайт. Бұрынғы билердің ізімен, шешендердің сөзімен араздасқандарға тоқтау айтып, ауылдың ішінде-ақ шешу жайы қолға алынғанына қуанамын.
ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ДЕ ЕСКЕРІЛЕДІ
Қазір қылмыс саны көбейді. Оның ішінде майда бұзақылық пен мал ұрлығы өршіп тұр. Бұл істер сотқа кетсе, заң аясында ақ-қарасы анықталып, қылмыскерге тиісті жаза қолданылады. Егер, осы мәселе медиация арқылы шешілсе, екі тарапта ұтылмайтыны анық. Ең бастысы, ағайын арасында араздасушылық болмайды. Осыны түсінген тұрғындар медиаторларға арнайы төсбелгі, куәлік берілсе, халықтың сенімі артатынын сөз етті. Жиынды қорытындылаған аудандық сот төрағасы Асылхан Абитханұлы айтылған ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын жеткізіп, алдағы уақытта да медиация заңын жетілдіру бағытында тиісті жұмыстар жасалатынын айтты.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.