ОН БАҒЫТ ОҢ БАҒЫТҚА ЖОЛ АШАДЫ
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміне қатыстық.
Мемлекет басшысы ант қабылдау рәсімінен соң өз сөзінде тәуелсіз елдің іргетасын қалауда Елбасының еңбегі ерен екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасау үшін жедел жүзеге асуы тиіс он бағытты кеңінен тарқатты. Расында, Президент айтқандай, еліміз орнықты дамудың жаңа деңгейіне шығуы үшін жаңа қадамдар мен жаңа шешімдер қажет. Ал әлеуметтік мәселелерді шешуде алдымен аса мұқтаждарға жәрдем беру маңызды рөл атқарады.
Елдің әлеуетін арттыруда алдымен экономикада тұрақты өсім болуы шарт. Осы ретте біз кәсіпкерлікті дамытуға ден қоюға міндетті емес, тәуелдіміз. Сондықтан Президент қазақстандық кəсіпкерлерді қолдайтын, инвестициялар тартып, оларды қорғайтын, іскерлік белсенділікті ынталандыратын, кең көлемді орта да қалыптастыратынын жеткізді. Бұл өз кезегінде өңірлер экономикасының алға жылжып, халықтың тұрмыс сапасының артуына айтарлықтай сеп болады.
Мемлекет басшысы жастардың дүниетанымында өзгерістер бар екенін тілге тиек етіп, он бағытты жастарды қолдаумен қорытындылады. Сондай-ақ елде жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асып жатқанын жеткізіп, жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларын да енгізуді қолға алатынын жеткізді. Тіпті, негізгі міндеті жастарға ең үлкен армандарын жүзеге асырып, жеке «табыстар тарихын» қалыптастыруларына жағдай жасау екенін де жасырмады. Оларға алдағы уақытта жасалатын осынша қолдауды жастар мемлекет артқан сенім деп білуі керек деп есептеймін.
Садық ӘЛИЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.