» » » Бірыңғай жиынтық төлем: қалай және қайда төлеу керек?

Бірыңғай жиынтық төлем: қалай және қайда төлеу керек?

Көптеген бейресми жұмыс істейтін азаматтар 42 500 теңге көлемінде әлеу­меттік жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл төлем бюд­жетке ай сайын төленуі керек.
Егер 2020 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда облысында 15 мыңға жуық БЖТ төлеушілер тіркелген болса, осы жылдың сәуір айында олардың саны 96 мыңнан астам адамға жетті, ал еліміз бойынша 1 875,1 мың адамды құрады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойын­ша филиалының директоры Бақыт Исмахан­бетов біздің тілшімізге өзін-өзі өнімсіз жұ­мыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ді қан­дай кезеңділікпен, қалай тө­леуді түсін­дірді.
– Бірыңғай жиынтық төлемді не үшін төлеу қажет?
– Бірыңғай жиынтық төлем – бұл аза­мат­тар­дың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қам­ты­ғандар санатын әлеуметтік қам­сыздандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін заңдастырудың бір түрі. Бірыңғай жиынтық төлем үлесі мыналарды құрайды: 10% – жеке табыс салығы, 30% – БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері, 40% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, 20% – мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорына әлеуметтік аударымдар. Егер азаматтар әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қорына ақша аудармаса, олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық қызметтердің түрлерін ғана ала алады. Қалған медициналық қызметтер, зертханалық зерттеулер, жоспарлы ауруханаға жатқызу – міндетті әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру пакеті есебінен.
– Бірыңғай жиынтық төлемді кім тө­леуі керек?
– Кез келген ниет білдіруші тұрғын табысы 1 175 АЕК-тен аспайтын немесе жылына 3,2 млн теңгеге дейін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға өз­дері қызмет көрсететін азаматтар БЖТ қаты­сушы бола алады. Оларға өзін-өзі өнімсіз жұ­мыспен қамтыған азаматтар немесе жал­дамалы қызметкер, бірақ еңбек келісім-шар­тын жасамай немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істейтін азаматтар кіреді. Мысалы, үйде қызмет көрсететін репетиторлар, визажистер, үй қызметкерлері, шақыру бойын­ша слесарлар тіпті өз бақшасынан артық өнім­дерді сататындар, тағы да осы сияқтылар.
– Аталған төлемді қалай жасауға болады, қанша төлеу керек?
– Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ мөлшері 2 651 теңгені құрайды. Басқа елді мекендерде тұратындарға – 1 326 теңге. Бірыңғай жиынтық төлемді бірнеше жолдар арқылы төлеуге болады. Бұл 24 Касса және Qiwi кассасының терминалдары. Төлемді енгізе отырып, сіз 5 минуттан кейін «сақтандырылған» мәртебесіне ие боласыз. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің кассаларында, олардың мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде БЖТ төлеуге болады.
БЖТ төлеушілер ЖСН арқылы төлем жүр­гізілетін күнтізбелік жылдың айын көр­сете отырып дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына төлей алады. БЖТ-ны күнтізбелік жылдың осы және келесі айлары үшін төленуі мүмкін. Бірақ өткен кезең үшін төлеуге болмайды. Сондықтан аударымдар уақытында бөлінуі керек. Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 2 125 теңге төлеуге болады.
Қажет болған жағдайда БЖТ төлеуші мемлекеттік корпорациядан бірыңғай жиынтық төлем үшін аударылған қаражаты туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
– Ресми түрде жұмыссыздыққа тір­келген азаматтарға БЖТ төлеудің қажеті бар ма?
– Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топ­тарынан 15 жеңілдікті санаттағы азамат­тарды анықтады. Оның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздар. Олар үшін мемлекет аударым жасайды. Яғни олар аударымдарды төлемейді, бірақ «сақтандырылған» мәртебесіне ие.
Егер азамат осы санаттардың біреуіне жа­татын болса, бірақ бұл ретте сақтан­ды­рылмаған ретінде жүйеде көрініс тапқан жағ­дайда, оны анықтау үшін Азаматтарға ар­налған үкіметке ресми құжаттармен жүгінгені дұрыс. Жалпы, мәртебе автоматты түрде тағайындалады.
– Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Ерлан СОЗАҚБАЕВ
16 маусым 2020 ж. 783 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930