» » » 26 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

26 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Қазірде кәсіп бастаймын деген азаматтарға қолдау көп. Іс бастауға ілкімді жоба ұсынсаң, мемлекет саған қаржылай қолдау көрсетеді. Түрлі бағдарламалар арқылы тұрғындар да өз жұмысын жандандырып, табысқа кенелуді көздейді. Тіпті бірқатары сол мақсатқа жетіп те жүр.
Бүгінде жастардың да кәсіп ашып, нығайған салық базасын қалыптастыруға деген құлшынысы жоғары. Олардың осы бағыттағы талабын шыңдау мақсатында мемлекет «Zhas project» атты жастар корпусын дамытуға бағытталған жоба ұсынды. Бұл кәсіп ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік. Аз ғана пайызбен төленетін несиеге қол жеткізген адамдардың да кейін үлкен кәсіпкерге айналғанын ескерсек, бұл жобаның тиімділігі мол. Себебі, қатысушылардың ішінде жоба жеңімпаздары 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грантқа ие бола алады. Аталған жобаның басқа да қырлары мен оның өңір жастары үшін тиімділігін білу үшін аудандық «Жастар рессурстық орталығы» КММ директоры Ерхан Бақбергенұлымен сұхбаттасқан едік...
– Ерхан Бақбергенұлы жалпы жобаның жастар үшін тиімділігі қандай?
– Негізі кәсіпке бет бұру жас талғамайды. Сондықтан бұл жобаның қолға алынғанын өз басым қолдаймын. Қазір жергілікті кәсіпкерлердің көпшілігі жастар болмаса да, олардың бұл салаға бетбұрысы жақсарып келеді. Тіпті ауылдық елді мекендерде де жастар кәсіп ашуға талаптанып, іс қылып отыр. Жоба болғаннан кейін оның өзіндік талаптары мен белгілі бір шарттары болады. Сол сияқты бұл бағдарламаға да 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Биыл «Zhas project» ШҚО, СҚО, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда сияқты алты аймақта жүзеге асты. Бұл жобаның тек жастар үшін ғана емес, жалпы өңірлер үшін де тиімділігі жоғары. Тың бастаманы қолға алған жастардан ертең маңдайалды кәсіпкер шықпасына кім кепіл? Айналып келгенде осы саладағы мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – аймақтарда қалыптасқан салық базасын құру ғой. Сондықтан осындай жарқын жобаларды тек жастар үшін ғана тиімді деу жөн болмас. Бастысы, ілкімді іс бастаймын дегендерге үлкен мүмкіндік болып отыр.
– Қатысушыларға қандай талап қойылады?
– Бір жобаны қорғауға кем дегенде 3 адам қатысады. Негізінен 5 адамға дейін бір топта жұмыс жасауға болады. Бірақ, кейін сәтті қорғалған жобаның тобындағы бір адам шықса,автордың еңбегі қаржыландырылмайды. Топ жетекшісінің атынан белгілі бір кәсіп бастауға арналған жоба әзірленеді. Кейін жеңімпаз өз кәсібін ашқанда кәсіпорынымен, болмаса өзі ашқан орталығымен тұтынушыларға 6 ай тегін қызмет көрсетуі қажет. Бақылаушы топ олардың жұмысын 6 айға дейін тексеріп отырады. Себебі, ол кем дегенде жарты жыл жұмыс жасауға міндетті. Ал, 6 айдан кейін оның жұмыс жасап тұруы жетекшіден талап етілмейді. Бірақ, негізгі мақсат кәсіпкерлерді және осы салаға бет бұрған жастарды қолдау болғаннан кейін жұмыс жасағанын қалаймыз. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеге дейін қаржы беріледі. Бірақ, тиісті қаражатты екі бөліп алады. Мұнан бөлек, алғашқы 6 айда 40 мыңнан 60 мыңға дейін топ мүшелеріне шәкіртақы беріледі.
– Жалағаштық жастар әзірлеген қанша жоба қолдау тапты?
Негізінен өңір жастарын бұл жобадан барынша хабардар ету мақсатында түсіндірме жұмыстары толыққанды жүргізіліп, ақпараттық-кеңесшілермен бірге 18 кездесу, 4 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Нәтижесінде жоба ұсынуға 300-ге жуық азамат өтініш білдірді.«Zhas project» жобасының ақпараттық сайтына Жалағаш ауданынан 75 жоба тіркелді. Мұнан бөлек, өз бетімен тіркелген тағы 10 жоба анықталды. Осылайша аудандар арасында ұсынылған жобалар саны бойынша біздің өңір 2 орынға шығып отыр. Бұл жастардың кәсіп бастауға деген құлшынысын аңғартады. Қазіргі таңда ауданымыздан барлығы 26 жоба қолдау тапты. Жеңімпаздар жобасының құнына келсек, ең төмені 900 мың теңгенің үстінде. Бізді әсіресе ауыл жастарының көптеген жобасы қолдау тапқаны қуантып отыр. Кенттен де грант ұтқан келешегі бар жобалар жоқ емес. Алдағы уақытта жетекшілер осы мақсатты үлкен кәсіп көзіне айналдырса дейміз.
– Өңір жастары ұсынған жобалардың қайсысы сізді қызықтырады?
– Негізінен сапасы төмен жоба қолдау таппайды. Сондықтан мен олардың бірін бірінен бөліп-жармаймын. Барлығының мен үшін құны жоғары. Олардың ішінде мал шаруашалығына да қатысты бірнеше жоба бар. Бұл жерде мұндай кәсіп көзімен айналысатын шаруашылықтар барда кәсіптің бұл түрін қолдау бекер деген ой келуі мүмкін. Бірақ, бұл – жаңсақ пікір. Себебі, іс бастап, табысқа кенелемін деген жанға тұтынушы қай жерде де табылады. Бастысы, талап болуы қажет. Қолдау тапқан жобалардың көбісі ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған. Бірі оқу орталығын ашып, білім саласын дамытуға атсалысуды көздесе, келесісі, спорт саласының тың серпін алуын қалайды. Кейінгі буыннан ауыл жанашырларының әлден қалыптасуы бізді қуантып отыр. Мұнан өзге техника жөндеу орталығын ашу, тігін цехы, сүт өнімдерін тарату, монша, шаштараз ашып үлкен жетістікке қадам басқысы келетін жастардың бірқатар жобасы қолдау тапты.
– Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан Н.ҚАЗБЕКОВ.

06 қыркүйек 2018 ж. 16 160 705

order vardenafil от 27 шілде 2021 00:56

vardenafil hcl от 28 шілде 2021 02:11

vardenafil от 28 шілде 2021 15:39

tadalafil side effects от 28 шілде 2021 19:42

tadalafil 20 mg от 29 шілде 2021 00:56

order vardenafil от 29 шілде 2021 01:34

sildenafil 100mg от 29 шілде 2021 21:32

sildenafil 20 mg от 30 шілде 2021 03:16

sildenafil 50 mg от 31 шілде 2021 04:54

sildenafil 100mg от 9 тамыз 2021 02:22

tadalafil best price от 18 тамыз 2021 16:44

sildenafil review от 19 тамыз 2021 00:02

sildenafil от 19 тамыз 2021 09:18

sildenafil citrate tablets 100mg от 19 тамыз 2021 16:42

tadalafil 5mg от 20 тамыз 2021 02:22

sildenafil от 20 тамыз 2021 05:00

kamagra от 20 тамыз 2021 19:04

kamagra gel от 20 тамыз 2021 20:51

canadian pharmacies online от 21 тамыз 2021 07:35

sildenafil от 21 тамыз 2021 10:01

kamagra jelly 100mg от 21 тамыз 2021 11:53

online pharmacy reviews от 18 қыркүйек 2021 21:08

canadian pharcharmy online от 19 қыркүйек 2021 00:53

canada drugs от 20 қыркүйек 2021 01:08

discount pharmacy mexico от 24 қыркүйек 2021 15:59

cialis dosages от 11 қазан 2021 00:38

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930