Бүгін Тәуелсіздік мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына барып, бірқатар нысандарды ашты. Аймақ басшысы алдымен аудандық Оқушылар үйін пайдалануға беру рәсіміне қатысып, жаңа ғимараттың жай-күйімен танысты. Оқушылардың игілігі үшін салынған нысанның ашылуымен құттықтап, лебізін білдірді....