» «Робототехника» – балабақшада

«Робототехника» – балабақшада

Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Өйткені, қазіргі балалар белсенді ақпараттандыру, компьютірлендіру және робот жасау дәуірінде өмір сүруде. Сондықтан олар пайдалы технологияларды, робототехниканы үйренуі тиіс. Білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі де осы. Жаңа технологияларға сүйене отырып, баланың бойындағы шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау.
Аудандағы «Ақмаржан» балабақ­шасы робототехниканы білім беру жүй­есіне енгізіп, тәрбиеленушілерді LEGO-құрастыру, тәрбиелеу процесін жаңашаландыру арқылы ой-өрістерін дамытуды қолға алды. Осы ретте, бөбекжайда «Ақпараттық технология­­лар арқылы балаларды болашаққа бағ­­дарлау» атты аудандық семинар өт­ті. Оған басқа да балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері мен тәр­бие­шілері және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.
Семинар барысында балабақша тәрбиешілері дайындаған жан-жақты ақпараттар айтылды, бүлдіршіндер ро­боттар биін биледі. «Қарлығаш» тобы­ның тәрбиешісі А.Нұрбаева құрас­ты­руда қабілеті бар балаларды жинап, шеберлік дәрісін өткізді. Мұнда бала­лар қарапайым құрастырмақтардан бастап WEDO-2,0 бағдарламасымен жұмыс жүргізіп, планшетпен роботтарды қозғалысқа түсірді. Ал, «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Оразбай Кенже мен А.Алпысбаева қазақ ертегісінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге бөліп ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялының дамуына септігін тигізді. ІІ кіші топ тәрбиешілері Г.Турганова мен Б.Әбішева Bilimland.kz сайты арқылы тәрбиеленушілерге ин­терактивті тақтада жүргізілетін жұ­мыстар, электронды оқулықтар ре­тінде вариативті компонент бөлі­мін­дегі жұмыстарды көрсетті. Топтық, ұжым­дық жұмысқа үйретіп, іскерлік тә­жірибелерін көрсетті. Сондай-ақ, І кіші «Балапан» тобының тәрбиешісі Г.Алпысбаева екі жасар балаларды қатыстырып, қарапайым планшеттер­мен жұмыс жасады. Осы арқылы баланың саусақ моторикасы, сенсорика, таным қабілетін аша білді. Жалпы, семинар барысында робототехника ғылымының қыр-сыры айтылды, бүлдіршіндерге тәжірибе ретінде практикалық жұмыстар да көрсетілді.
Шара соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Ерназарова педа­гог­­­тардың шығармашылықтарын шың­дау­да көп ізденгендігін айтып, бүл­дір­шіндерді жаңа технологияларға­ ­бей­ім­деу керектігін жеткізді.

«ЖЖ» ақпарат.

---
05 ақпан 2019 ж. 4 221 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930