» » Ресей үкіметі отставкаға кетті

Ресей үкіметі отставкаға кетті

Дмитрий Медведев президенттің Федералды жиналысқа жолдаған жолдауынан кейін бүкіл үкімет отставкаға кетіп жатыр деп мәлімдеді.

Владимир Путин «бәрі нәтиже бермесе де» үкімет мүшелеріне бірлесе жұмыс істегендері үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, Ресей басшысы жақын арада министрлер кабинетінің әр мүшесімен кездесетінін айтты. Ол олардан өз міндеттерін толық көлемде орындауды сұрайды.
Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынды. 
«Біздің Дмитрий Анатольевичпен (Медведев) бірлескен жұмысымыз туралы айтатын болсақ... Дмитрий Анатольевич Медведев мемлекет басшысы да болды, сегіз жылға жуық үкіметті басқарып келеді, бұл соңғы тарихтағы ең ұзақ қызмет. Біз президенттік блок бар дегенмен келістік, президент, әрине, бәріне жауап береді, бірақ бәрінен бұрын президенттік блок қауіпсіздік, қорғаныс және басқа да мәселелер бар», - деді Путин.
Ол Медведев әрқашан елдің қорғаныс және қауіпсіздігін жақсарту мәселелерімен айналысқанын атап өтті.
«Мен одан осы мәселемен айналысуды сұрадым. Ал Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы - ол президент», - деп қорытындылады Владимир Путин.

stan.kz

16 қаңтар 2020 ж. 584 0