Nestle компаниясы алғаш рет алқызыл шоколад шығарды (фото)
Nestle компаниясы алғаш рет лағыл шоколадтан жасалған алқызыл KitKat шығарды, деп CNN-ге сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
19 қаңтарда Nestle компаниясы Жапониядағы және Оңтүстік Кореядағы дүкендерінде және басқа да мемлекеттерде: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция мен Швейцарияда тоғыз онлайн дүкен арқылы бағасы 1170 теңге (400 yen немесе $3.60) болатын KitKat Chocolatory Sublime Ruby атты тәттінің жаңа дәмін таныстырды.
Лағыл шоколадты өткен жылы қыркүйекте швейцарлық Барри Каллибаут атты шоколад өндіруші жасаған болатын.
Ерекше шоколад лағыл какао бұршақтары мен жидек хош иісі қосындысынан тұрады.
Nestle өкілдерінің айтуынша шоколад тек табиғи өнімдерден жасалды және жақын арада тұтынушыларға жол тартады.
«Қамшы»