Атақты үнді актері Митхун Чакрабортидің жеке өмірі туралы не білеміз?
68 жасқа келсе де табиғи келбетімен әйелдерді тамсандырған үнді киносының жұлдызы Митхун Чакрабортидің экрандағы рөлінен тыс жеке өмірі жайлы хабарлайды NUR.KZ.
Актердің жұлдыздық мансабы 1976 жылдан басталды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққанына қарамастан, ол бала арманына қол жеткізді. Кино институтының актер бөлімін үздік бітірген Митхун алғаш 1976 жылы «Екі бейтаныс» фильмінде дебюттік рөл сомдады. Одан кейін де үнді киноматографиясына елеулі жетістік әкелген бірнеше фильдерге түседі.
Әйтседе актердің жұлдызын жаққан, «Биші диско» фильмі оны әлем елдеріне танытты.
Ал бүгінге дейін актер 357 фильмге түсіп, дүниенің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйер жинады.
Атақты актер бірнеше рет отбасын құрған. Митхун Чакраборти танымал топ-модель Хелене Льокқа үйленген, ал екінші жары үнді актрисасы Йогите Бали болды. Жұбайлар үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Үлкен ұлы әкесінің жолын қуып, бүгінде болливуд киносын бағындыруды мақсат етеді.
Ұлдарының айтуынша, Митхун шулы кештерді ұнатпайды. Өзінің туған күнінде аспаз ретінде түрлі дәмді тағамдар дайындап, отбасымен үйде өткізгенді қалайды.
Бүгінде актер ешқандай пластикалық отаның көмегінсіз, егде тартқан жасына қарамастан сымбатты көрінеді.
https://kaz.nur.kz