Мехикода адамдардың бас сүйегінен салынған мұнара табылды
Мехиконың қақ ортасынан табылған адамдардың бас сүйегінен салынған мұнара жұртты шошытты. Зерттеу нәтижесінде құрылысқа көбіне әйелдер мен кішкентай балалардың сүйектері қолданылғаны анықталды деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Археологтар анықтаған мұнараны тұрғызу үшін 650-ден астам адам бас сүйегі пайдаланылған.
Тарихшылар ғимарат қабырғаларына соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін пайдаланылған деп болжаған . Алайда, қаланың ортасынан табылған мұнара бұл тұжырымды теріске шығарды.
Зерттеушілер табылған мұнараға қатысты тағы бір тұжырым айтты. Олар ғимараттың құрбандық шалу дәстүрімен байланысты болуы мүмкін деп болжады.
Мұнараның биіктігі шамамен алты метр болып шықты. Ғимарат күн мен соғыс құдайы Уицилопочтлиге арналған ескерткіштің маңында тұрғызылған.
Адамдардың бас сүйегінен салынған мұнара жайлы ақпарат 1521 жылы Мексиканы жаулауға барған Кортестің қасында болған испаниялық конкистадор Андрес де Тапианың жазбаларында кездеседі.
Қазіргі таңда, мұнарадан 676 бас сүйек табылды. Археологтар әлі ғимаратты толық қазып үлгерген жоқ. Олар тағы неше адамның бас сүйегі шығатыны белгісіз дейді.
NUR.KZ

"Біз бұл мұнарадан жауынгерлер қатарында болған ер адамдар мен жас жігіттердің бас сүйектері ғана болады деп ойладық. Әйелдер мен балалардың шайқаста болғанын елестету қиын" , - дейді ғимараттың тарихын зерттеп жатқан антрополог Родриго Боланьос.