» » Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 31% артты

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 31% артты


Келісімде екі ел арасындағы автомобиль тасымалын жасау үшін құқықтық нормалар белгіленген. Онда рұқсаттама бланкілерімен алмасу квоталарын және оның түрлерін белгілеу тәртібі реттелген. Аталған келісімді жүзеге асыру автомобиль тасымалын және Қазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.
2017 жылы екі ел арасында автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 31% өсіп, 9 мың тоннаны құрады. Барлығы 600 рейс жасалды. Негізгі тасымалданатын жүктер - жабдықтар, өсімдік пен малдан алынатын өнімдер, қара және түсті металдар, дайын азық-түлік өнімдері.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан 41 елмен автомобильдік тасымал келісімін жасасқан.
25 қаңтар 2018 ж. 1 072 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930