» » Көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек

Көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек

Қашанда тұрғындарды, ең біріншіден, баспана мәселесі алаңдатады. Себебі, үйі жоқтың күйі де болмайтыны әуелден белгілі. Сондықтан өлең айтса да өзінің лашығында қамсыз әуендеткенді қалайды халық.
Бағзы бір замандағы Жиренше шешеннің хан сарайында тұра алмай, өз лашығына келіп: «Ай-хай, өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дейтіні де сол әркімнің өз «лашығы» яки, өз баспанасы болғанға не жетсін» дегенге меңзейді. Осы орайда, қарапайым халықтың үй салуға немесе оны сатып алуына қалтасы көтермейтін тұсы тағы бар. Әйткенмен, жұртшылықтың жоғын түгендеуге келгенде мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау көп.
Соның негізінде, аудан төңірегінде де тұрғындардың баспаналы болуына барлық жағдай жасалуда. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер секілді аудан орталығында да көпқабатты үйлер салынбақ. Заманауи талаптарға сай келетін көп қабатты тұрғын үйлер құрылысының іргетасы үстіміздегі жылы қаланатынын есепті кездесулерде аудан әкімі Ғ.Қазантаев сүйіншілеген болатын.
Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға өткен жылы республикалық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда қатарынан түсетін көпқабатты тұрғын үйлер үй кезегінде тұрған жандардың қоныс тойын тойлап, баспаналы болуына септігін тигізбек. Атап айтқанда, тұрғын үй кварталынан 3 қабатты 9 тұрғын үй салыну жоспарлануда. Ол үшін осы жылы республикалық бюджеттен 388,9 млн. теңге қаржы бөлініп, 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлер салынып, 42 пәтер пайдалануға берілетін болады.
Оған қоса, облыс әкімі ауданға іссапарында бұл жерден тағы да көппәтерлі тұрғын үйлердің бой көтеруіне қолдау білдірді. Соның нәтижесінде, №3, №4 көпқабатты тұрғын үйлермен қатар 18 пәтерлі №1 және 24 пәтерлі №2 тұрғын үйлер салынбақшы. Мұны да республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапқан. Осылайша, аудан орталығында барлығы 84 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, ауданда баспана мәселесі реттілігімен шешімін таппақ.

Е.БЕРКІНБАЕВ
30 қаңтар 2018 ж. 8 267 1 884
Пікір қалдыру

Пікір 1 884

LeslieMef от 14 қыркүйек 2023 18:11

LeslieMef от 14 қыркүйек 2023 19:17

Lukaswrova от 14 қыркүйек 2023 19:37
Tauchen Sie ein in das exotische Erlebnis des elf bar mango Geschmacks!

LeslieMef от 14 қыркүйек 2023 20:23

LeslieMef от 14 қыркүйек 2023 21:27

LeslieMef от 14 қыркүйек 2023 22:31

LeslieMef от 15 қыркүйек 2023 15:24

ThomasLot от 15 қыркүйек 2023 16:07
Производим российское масло моторное на заказ для вас по низким ценам.

LeslieMef от 15 қыркүйек 2023 16:31

LeslieMef от 15 қыркүйек 2023 17:37

ThomasLot от 15 қыркүйек 2023 18:22
Закажите недорого трубы из сшитого полиэтилена stout предлагаем приобрести у нас.

LeslieMef от 15 қыркүйек 2023 20:58

RobertLen от 15 қыркүйек 2023 21:24

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930