» » АҚСУДАҒЫ БӨБЕКЖАЙ

АҚСУДАҒЫ БӨБЕКЖАЙ



Ақсу ауылында заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңаша білім беретін «Торша» бөбекжайы ел игілігіне берілгелі көп уақыт өткен жоқ. Бүгінде ауылдағы 50-ге жуық бүлдіршін заманауи үлгідегі балабақшаға барып жүр.
Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін айтқан еді. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар ашылуда. Яғни кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, “Балапан” бағдарламасын жандандыруға ден қоюда.
Ақсу ауылының тұрғындары бұл бөбекжайдың ашылуын көптен күткен еді. Өйткені 2 мыңға жуық халқы бар ауылда бұған дейін балабақша болмаған. Тек мектеп жанынан ашылған шағын орталық қана жұмыс істеді. Сондықтан ата-аналар көп жылдан бері балаларын кент балабақшаларына тасып келген.
Жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесі 1-6 жас аралығындағы бүлдір­шіндерді қабылдауға дайын. Қазір мұнда 40 бала тәрбиеленіп отыр.
– Осы ауылдан балабақша ашуымның себебі де жоқ емес. Үнемі ата-аналардың балаларын кенттегі балабақша таситынын көретінмін. Міне, сөйтіп ойым жүзеге асып, мемлекеттік бағдарлама көмегімен осы балабақшаны аштық, – дейді бөбекжай құрылтайшысы Назира Алмаханова.
«Торша» бөбекжайы барлық талапқа сай жабдықталған. Мұнда барлығы 15-ке жуық ауыл тұрғыны еңбек етеді. Олар бүлдіршіндерге білім беріп, әр күндерін қызықты өткізуге тырысады. Бөбекжайда 2 топқа арналған жатын, ойын бөлмелері қазіргі заман жиһаздарымен жабдықталған. Сонымен қатар әдістемелік, медициналық, аспаздық, ойын, оқу бөлмелері бар. Ғимараттың сырты санитарлық және гигиеналық талаптарға сәйкестендіріліп, ауласы көгалдандырылған.
– Бұл жеміс ағаштарын қолдап отырғыздым. Көктем шыға жеміс талдарының түбіне көң салып, күтіп-баптаймын. Соның жемісі болса керек, жылда мол түйнектеп, өнімді жақсы беретіні. Жеміс ағаштарының жемісі ауылдағы мектеп асханасына жөнелтіледі. Ең бастысы, бөбекжайға келген балғын балалар осы жасыл бақтың қасында, таза ауада ойнап, әрбір күнін қызықты өткізсе, еңбектің жемісі сол ғой, – дейді бағбан Мұхтар Дәулетбеков.
Жалпы Дәулетбековтер отбасы – Ақсудағы үлгілі әулет, шаттыққа толы шаңырақ. Бұл әулетте «Еңбексіз ырыс жоқ» деген басты ұстаным бар. Отбасының ұйытқысы Мұхтар ағамыз бөбекжай ауласындағы бау-бақшаны жайқалтып қойған. Онда жеміс ағашының түр-түрі бар. Тіпті шие, алмұрт жаңғаққа дейін өседі.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ

17 шілде 2019 ж. 669 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930