» » Аққұмда «COWORKING» орталығы ашылды

Аққұмда «COWORKING» орталығы ашылды


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманғы сай «COWORKING» орталығы ретінде қайта құру жобасын қолға алған болатын. Жалғасын тауып Аққұм ауылдық кітапхана жанынан «COWORKING» орталығының ашылу рәсімі өтті. «Балауса» би тобының «Мереке» қазақ биімен бастау алған «COWORKING» орталығының ашылу салтанатын Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенбиева Бибіасия Аманжолқызы және «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы ашып, ауыл халқын құттықтады. Келесі сөз кезегін ауыл әкімі Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы сөйлеп, ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына жақсы мүмкіндік екенін айта өтті. Және ауыл ақсақалы Райымбеков Қойшыбай ата «COWORKING» орталықтың лентасын қиып ақ батасын берді. Орталық ішінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан «Жұлдыз шашқан жырлар» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Қосым Нұрлы Серік Сейтманның «Рухани жаңғыру» көркемсөзімен шашу шашты.
20 шілде 2019 ж. 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930