» » Ақтөбе облысында белгісіз біреулер жігіттің мүрдесін аурухананың дәлізіне тастап, қашып кеткен

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер жігіттің мүрдесін аурухананың дәлізіне тастап, қашып кеткен

Ақтөбе облысындағы Алға аудандық ауруханасына белгісіз біреулер жүрегінен пышақ жарақатын алған жігіттің мүрдесін алып келіп, дәлізде тастап кеткен. 

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 40-тан асты

Бұл туралы  «Хабар 24» арнасы хабарлайды. 

Аурухана қызметкерлерінің сөзінше, жігіттің мүрдесін үш адам алып келген. Медицина қызметкерлері олардың қара-көк түсті көлікпен келгенін байқап қалған. Алайда маркасын көре алмапты. Олар бірден полицияға хабарласқан. 

Артынша Бестамақ ауылына кірер жолда қара-көк түсті Lexus GS 300 көлігі тоқтатылған. Онда үш  жігіт отырған екен. Полиция қызметкерлері олардың өзін-өзі ұстауынан күдіктенген. 

Тексеру кезінде жігіттердің бірі ұрыс кезінде зардап шегушіге пышақ сұғып алғанын, оның оқиға орнында тіл тартпай кеткенін мойындапты. Ол полиция инспекторларына қылмыс құралы – пышақты берді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
09 қазан 2019 ж. 317 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930