» » Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын болады

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын болады

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясындағы екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі мекемеге қабылдамау туралы ережеге қатысты түсініктеме берді. Бекшиннің сөзінше, аталған ереженің екпеге қарсы медициналық көрсетімі бар балаларға қатысы жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын болады

«Расымен де, күнтізбелік жоспар бойынша екпе алмаған балалар мектепке дейінгі мекемелерге жіберілмейді. Яғни бұл ретте сөз екпеге қарсы медициналық көрсетімі жоқ балаларға қатысты. Себебі бізде медициналық қарсы көрсетімі бойынша екпе алмайтын адамдар да бар», - дейді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар ол екпеге қарсы медициналық көрсетімі жоқ балаларына екпе салдырудан бас бартқан ата-аналарды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ереженің кодекс жобасынан алынғанын атап өтті. 

Десе де екпе салынбаған баланы қабылдаған мектепке дейінгі мекемелерге 15 АЕК-тен (37 875 теңге) басталатын айыппұл салынуы мүмкін. 
18 қазан 2019 ж. 530 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30