Қарағандыда Lexus тізгіндеген мас жүргізуші 5 көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видео кадрларынан тәртіп сақшыларының жүргізушіден көліктен шығуын сұрағаны көрінеді. Алайда жүргізуші олардың талабын орындаудан бас тартты. Сол кезде полицейлер оны көліктен күштеп шығарып алып, полиция көлігіне алып барды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан 25 жастағы жігіт пен 29 жастағы қыз зардап шегіпті. Олар ауруханаға жеткізілген.
«102 пультіне жүргізушінің тұрақта тұрған көліктермен соқтығысып, ұйықтап қалғаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнында анықтағандай, Lexus 570 көлігінің 49 жастағы жүргізушісі мас күйінде тұрақта тұрған 5 көлікпен соқтығысқан», - дейді полициядағылар.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
stan.kz