Жаңарып, жайна Жалағаш!
Қасиетті құт мекен,
Түлеп ұшқан туған жер.
Кең байтақ дархан қойнауы,
Қазына, байлық тұнған жер.
Қаншама ғажап құпия,
Сырларын бүгіп тынған жер.
Қоқан, қалмақ жау шауып,
Халқымның қанын жуған жер.
Бұқарбай, Сәрке, Келменбет,
Бабаларым ұрандап.
Жауларын елден қуған жер.
Түмен, Мәмбет, Беркімбай,
Әулие, ахун алымды,
Темірбек, Ілияс, Әбілда,
Төлеубайдай дарынды
Тұлғаларды туған жер.
Ұлт рухын ұлықтап,
Ата жолын қуған жер.
Орындалып арманы,
Еркіндігін алған жер.
Несібесі халықтың,
Тыңнан түрен салған жер.
Ел ырысын еселеп,
Қамбаға алтын толған жер.
Еңбек етіп, ер шығып,
Басына бақ қонған жер.
Жыл өткен сайын көркейіп,
Көп елге үлгі болған жер.
Жырын арнап ақындар,
Әншілер әнге салған жер.
Тоғысында тарихтың,
Сексенге бүгін толған жер.
Құтты болсын мерейтой
Жұлдызың жарық жанған жер!
Топырағыңа табынып,
Жырақ кетсең сағынып
Аңсарым ауған арман жер
Жасыл желек жамылып,
Алтыннан алқа тағынып
Жаңарып, жайнап Жалағаш.
Жасай бер мәңгі туған жер!
Серік Бертаев,
ақын, ардагер журналист
Жалағаш ауданы
Түлеп ұшқан туған жер.
Кең байтақ дархан қойнауы,
Қазына, байлық тұнған жер.
Қаншама ғажап құпия,
Сырларын бүгіп тынған жер.
Қоқан, қалмақ жау шауып,
Халқымның қанын жуған жер.
Бұқарбай, Сәрке, Келменбет,
Бабаларым ұрандап.
Жауларын елден қуған жер.
Түмен, Мәмбет, Беркімбай,
Әулие, ахун алымды,
Темірбек, Ілияс, Әбілда,
Төлеубайдай дарынды
Тұлғаларды туған жер.
Ұлт рухын ұлықтап,
Ата жолын қуған жер.
Орындалып арманы,
Еркіндігін алған жер.
Несібесі халықтың,
Тыңнан түрен салған жер.
Ел ырысын еселеп,
Қамбаға алтын толған жер.
Еңбек етіп, ер шығып,
Басына бақ қонған жер.
Жыл өткен сайын көркейіп,
Көп елге үлгі болған жер.
Жырын арнап ақындар,
Әншілер әнге салған жер.
Тоғысында тарихтың,
Сексенге бүгін толған жер.
Құтты болсын мерейтой
Жұлдызың жарық жанған жер!
Топырағыңа табынып,
Жырақ кетсең сағынып
Аңсарым ауған арман жер
Жасыл желек жамылып,
Алтыннан алқа тағынып
Жаңарып, жайнап Жалағаш.
Жасай бер мәңгі туған жер!
Серік Бертаев,
ақын, ардагер журналист
Жалағаш ауданы