Құтты болсын 80 жылдық мерекең
Бүгін мұнда думанды той, салтанат,
Қос шектен жатыр ғажап ән тарап.
Табиғат та тұрғандайын елжіреп,
Тоты құстай көз тартады шартарап.
Талай-талай асулардан аса алған,
Жалағашым қайта түлеп жасарған.
Таңғажайып оның әрбір қадамы,
Әр жеңісі алтын әріппен қашалған.
Ақ күріштен тау тұрғызған өңір бұл,
Пейілі аппақ, аспаны да көгілдір.
Жыршы қауым ел мерейін аспандат,
Домбырадан әсем сазды төгілдір.
Кенде емес ел жырауға да, ақынға,
Жүрек жұтқан өңкей көкжал батырға.
Әулиесі де, билері де баршылық,
Әрбір сөзін бағындырған ақылға.
Өткен күнге сәл тереңдеп барсаңдар,
Шыққан талай жақсылар мен жайсаңдар.
Ізі жатыр небір абыз бабаның,
Әрбір таңды зор үмітпен қарсы алған.
Бұл өңірдің жастары да талантты,
Ағалары да көш бастарлық жарақты.
Диқандары жер емшегін иітер,
Шаруақор, көзі сондай қарақты.
Құтты болсын 80 жылдық мерекең,
Арта берсін абырой-даңқың, берекең.
Өздеріңсіңдер айды аспанға шығарар,
Жалағашты ең дәулетті ел етер.
Ізгі тілек: шаршамаңдар, талмаңдар,
Қыран болып биіктерге самғаңдар.
Әрқашанда Алла өзі жар болып,
Орындала берсін күллі армандар.
Сертке берік баба салтын сақтаңдар,
Оза шауып, ел сенімін ақтаңдар.
Мерейлерің Иншалла үстем боп,
Арайланып ата берсін ақ таңдар.
Қос шектен жатыр ғажап ән тарап.
Табиғат та тұрғандайын елжіреп,
Тоты құстай көз тартады шартарап.
Талай-талай асулардан аса алған,
Жалағашым қайта түлеп жасарған.
Таңғажайып оның әрбір қадамы,
Әр жеңісі алтын әріппен қашалған.
Ақ күріштен тау тұрғызған өңір бұл,
Пейілі аппақ, аспаны да көгілдір.
Жыршы қауым ел мерейін аспандат,
Домбырадан әсем сазды төгілдір.
Кенде емес ел жырауға да, ақынға,
Жүрек жұтқан өңкей көкжал батырға.
Әулиесі де, билері де баршылық,
Әрбір сөзін бағындырған ақылға.
Өткен күнге сәл тереңдеп барсаңдар,
Шыққан талай жақсылар мен жайсаңдар.
Ізі жатыр небір абыз бабаның,
Әрбір таңды зор үмітпен қарсы алған.
Бұл өңірдің жастары да талантты,
Ағалары да көш бастарлық жарақты.
Диқандары жер емшегін иітер,
Шаруақор, көзі сондай қарақты.
Құтты болсын 80 жылдық мерекең,
Арта берсін абырой-даңқың, берекең.
Өздеріңсіңдер айды аспанға шығарар,
Жалағашты ең дәулетті ел етер.
Ізгі тілек: шаршамаңдар, талмаңдар,
Қыран болып биіктерге самғаңдар.
Әрқашанда Алла өзі жар болып,
Орындала берсін күллі армандар.
Сертке берік баба салтын сақтаңдар,
Оза шауып, ел сенімін ақтаңдар.
Мерейлерің Иншалла үстем боп,
Арайланып ата берсін ақ таңдар.
Ахат Жанаев,
Қазақстанның құрметті журналисі,
Қазақ радиосы мен мәдениет саласының үздігі.
Жалағаш және Сырдария аудандарының құрметті азаматы.