» » ШЫҢДАЛҒАН ШӘКІРТ немесе алтын алған ауылдың бәсі биік

ШЫҢДАЛҒАН ШӘКІРТ немесе алтын алған ауылдың бәсі биік


Қазір мемлекет тарапынан спорт саласына жасалып жатқан қолдау қарқын ала бас­тады. Мұны бүгінгі буын да жақсы біледі. Соның жемісі болар, республикамыздың түкпір-түкпірінен шыққан талантты спортшылар талай додада топ жарып, ел мерейін үстем етуде. Олардың қатарында жалағаштық жастар да бар.
Ауданға қарасты Мәдениет деген ауыл бар. Жуырда тіректі елді мекендер қатарына қосылғалы бұл берекелі өңірден талантты жастар көптеп шыға бастады. Өзі де бұрыннан танымал тұлғаларға кенде емес еді. Ауылда тіректі елді мекен статусын алғалы халыққа қызмет ететін бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Олардың ішінде спорт мектебі де бар. Өз басым мұндағы мамандардың жұмысын жоғары бағалаймын. Неге? Себебі, осы білім ошағында тәлім алып жатқан бірнеше жас қазіргі таңда үлкен додаларда топ жарып, бірқатары әлем елдері қатысатын біріншіліктерге жолдама алып үлгерді. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дейді қазақ. Кейінгі буынның осылай өсіп келе жатқанын біз бапкерлерінің тәлімімен байланыс­тырамыз.
Жақында аталған спорт мектебінің екі оқушысы үлкен додада топ жарып, қос алтынды еншіледі. Былғары қолғап шеберлері арасындағы үлкен жарыста Жалағаштан басқа да спортшылар бақ сынаған еді. Оның ішінде екеуі алтын алған болатын. Екеуі де Мәдениеттегі спорт мектебінің шәкірттері.
Қазақстан республикасының батыс аймақтық чемпионаты Сыр елінде өткен еді. Биылғы бұл біріншілікті ел ағалары ҚР еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Серік Әбдіналиевтің 80 жылдығымен байланыстырыпты. Алдағы аға буын өкілдерінің саладағы сара жолын өскелең ұрпаққа насихаттау Сыр өңірінде үзіліссіз жүрсе жас­тар да мол тағылым алады емес пе? Сондықтан шеберлердің шыңға шығудағы саналы ғұмыры спортқа өз-өзін бейімдеген жастарды да бей-жай қалдырмасы сөзсіз.
Еліміздің бірқатар аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысқан ауқымды додада Мәдениеттегі спорт мектебінің екі оқушысы өз бақтарын сынады. Былғары қолғап шебері болуды көздеген Мадияр Айдосұлы 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ақтық мәреде тек ауданның ғана емес, облыс мерейін үстем етті. Бастапқы кездесуде маңғыстаулық қарсыласын екінші раундта нагдаунмен жеңген ол финалда сырбойылық спортшымен жұдырық түйістірді. Мұнда да сәтті ойын өрнегін көрсетіп, облыс қоржынындағы медальдарды алтынмен толықтырды.
Мәдениеттік Мадиярдың спорт­тағы ептілігін бапкерлері жоғары ба­ғалайды. Жеті жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Оралжан Болат­бек­ұлы шәкіртінің әлі талай шың­ды ба­ғын­дыратынына сенеді.
– Жалпы біздегі балалардың бар­лығы болашағынан үлкен үміт күтетін жастар болса, олардың ішінде осы жеңімпазымыз да бар. Бұл сайысқа Мадиярды алып барғандағы межеміз ақтық мәре еді. Шәкіртім финалда да артқан сенімді ақтай білді. Бір жағынан жаттықтырушы, бір жағынан жанашыр болып барғаннан кейін шыны керек, тақым қысып отырдық. Баланың бойы­­на бапкер болып сіңірген тәлімімнің же­місін көргенде бір марқайып қал­дым. Бұйыртса, бұл алдағы жеңіске деген ұмтылыстың басы ғана. Ал, қалғанын уақыт көрсетеді, – дейді О.Болатбекұлы.
ҚР батыс аймақтық біріншілігінде Мәдениет ауылындағы спорт мек­тебінің тағы бір оқушысы Құрмаш Тынымбек те қарсылас шақ келтірмеді. Алғашында ақтөбелік былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен ба­ғындырып, ақтық мәреде де маң­ғыстаулық қарсыласынан басым түсті. Міне, шағын ғана ауылдық елді мекеннен тәлім алған талантты жастар осылайша мерейімізді үстем етуде. Біз де осындай жастармен мақтанамыз. Бастысы, бүгінгі буын мемлекеттің жастарға артып отырған сенімін сезініп отыр.
Қос бірдей былғары қолғап шебері Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Атбасар елді мекенінде өтетін ҚР чемпио­натында өз бақтарын сынайды. Мамыр айының 19-23-і аралығында өтетін сайыста спортшыларымыз же­ңіс тұғырынан көрініп жатса, ал­дағы Азия біріншілігіне жолдама алады. Дайындық барысындағы әрбір қимы­лына байыппен қарайтын тәжірибелі бапкердің қос шәкіртіне сәттілік тілей­міз.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ.

02 сәуір 2019 ж. 667 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930