» » Бүлдіршіндерді бал-бұл жайнатқан “Балнұр”

Бүлдіршіндерді бал-бұл жайнатқан “Балнұр”

Кент орталығында заманауи құрылғылармен жабдықталған, жаңаша білім беретін «Балнұр» балабақшасы ел игілігіне пайдалануға берілгелі көп уақыт өткен жоқ. Белгілі кәсіпкер Салтанат Айнабаева ашқан заманауи үлгідегі балабақшада 50 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесі 3-6 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеп отырған «Балнұр» балабақшасы барлық талапқа сай жабдықталған. Мұнда 14 адам еңбек етеді. Оның ішінде тәжірибелі логопед, тәрбиеші мамандар мен баланың денсаулығын қадағалайтын білікті медбикелер де бар. Олар бүлдіршіндерге білім беріп қана қоймай, балалардың әр күнін қызықты өткізуге тырысады.
Екі қабатты ғимараттың бірінші қабаты кіші топқа, ал жоғарғы қабаты үлкен топқа арналған. Ондағы әдістемелік, медициналық, аспаздық, ойын, оқу және тынығу бөлмелерінің бәрі соңғы үлгідегі заманауи жиһаздармен жабдықталған екен. Ғимараттың іші-сыртына бейнебақылау құрылғысы орнатылып, балабақша ауласы санитарлық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкестендірілген.
– Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен жайлы балабақша ашып, оны балалардың талғамына сай жабдықтадық. Бүлдіршіндермен жұмыс жасай білетін білікті мамандарды жұмысқа тарттық. Әрбір ата-ана баласын жақсы балабақшаға бергісі келетіні анық. Сондықтан да ең алдымен тәрбиешілердің біліктілігіне мән беріп, олардың балалармен жұмыс жасау әдісін үнемі жетілдіріп отырамыз. Желтоқсан айының 2-20 аралығында Швейцариядан арнайы маман келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Осылайша мұндағы балалардың жайлы демалуы үшін, оларға қызықты ойын мен оқулықтар әзірлеп, балалардың әрбір күнін қызықты өткізуге барынша жағдай жасап келеміз. Балабақшада логопед маманы да үнемі балалармен жұмыс жасап отырады, – дейді балабақша құрылтайшысы С.Айнабаева.
Елбасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін және 2020 жылы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін айтқан еді. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар көптеп ашылуда. Яғни кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға ден қойып келеді. Міне, осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған балабақша құрылтайшысы Салтанат апамыз барлық талапқа сай келетін заманауи балабақшаға білікті кадрлар тартып, бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін бала кезден қалыптастыруға атсалысып жүр.


Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ

21 желтоқсан 2019 ж. 404 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031