» » МЕРГЕНДЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

МЕРГЕНДЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

«Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында аудандық мергендер сайысы өтті.

Кент және ауылдық округтерден 19 команда 114 оқушы қатысқан қырағылар сайысында жастар аянып қалмады. Жарыс нәтижесінде пневматикалық мылтық ату сайысынан І орын №31 мектепке, ІІ орын №114 мектепке, ІІІ орын №246 орта мектеп оқушыларына бұйырды.
Автоматты толық емес шашып-жинау сайысы бойынша І орынға №114 мектеп, ІІ орынға №119 мектеп, ІІІ орынға №32 мектеп оқушылары лайық деп танылды. Ал оқжатарды жинау сайысынан І орынды №246 мектеп, ІІ орынды №114 мектеп, ІІІ орынды №118 мектеп оқушылары қанжығасына байлады.
Шараға қатысушылар пневматикалық мылтықты жылдамдыққа ату сайысы бойынша да бақ сынаған болатын. Нәтижесінде І орынды №31 мектеп, ІІ орынды №201 мектеп, ІІІ орынды №32 мектеп оқушылары жеңіп алды. Ал кермеден тартылу сайысы бойынша І орын №31 мектепке, ІІ орын №201 мектепке, ІІІ орын №32 мектеп оқушыларына бұйырды. Жарыс жеңімпаздарына диплом және қоғамдық бірлестік атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
15 ақпан 2020 ж. 505 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031