» » ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

Әлем жұртшылығы асқақ арман мен үміттің, биік ар мен өр намыстың иесі жастар екеніне сеніп және олармен санасады. Өйткені жастар қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея мемлекеттің жаңаруына бағыт беріп, мәңгілік елге айналуына жол салады.

Біз табан тіреген Ш.Ермағанбетова атын­дағы №246 орта мектепте ұстазының ме­рейін асырып, мектебінің мақтанышына айналған оқушылар баршылық. Олардың әрқай­сысы баға үшін емес, болашақ үшін, қоғамға пайдалы азамат пен азаматша болу үшін ұстаз еңбегін еш қылмайтынын айтады.
Осы мектептің оқушысы Ақбота Нұрбек­қызы 1-7 сынып аралығында өткен «Зерде» зерт­теу жұмыстары мен шығар­машылық жоба­сында сертификат иеленді. Сонымен қатар халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен және «Мың бала» білім сайтының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жас ғалым-2020» ғылыми жоба байқауында үздік деп танылып І орынды иеленді. Ол аталған білім сайысында «Сан жүректің соғуын сақтап қалған дәрігер» атты тақырып бойынша мектеп намысын қорғады. Ақботаның жұмысы «Жас ғалым-2020» республи­калық ғылыми жобалар байқауының материалдар жинағына енді.
Бұдан бөлек Алмат Қайсар 1-7 сынып аралығындағы «Зерде» зерт­теу жұмыстары мен шығармашылық жоба­ларына қатысып, аудандық кезеңінен II орын, облыстық кезеңінен III орын алса, «Ұлы өнер­тап­қыш­тыққа алғашқы қадам» инно­вациялық идеялар байқауында Жауын­бай Ерсұлтан, Ұзақбай Диас, Ақниет Қуанышбай аудандық кезеңінен I орын, облыстық кезеңінен II орын, республикалық кезеңінен III орын, «Яссауитану» халықаралық байқауында Ақмарал Серікбай аудандық кезеңінен II орын, облыстық кезеңінен III орын, ал «Этнос­аралық төзімділік пен қоғам­дық келісімнің қазақстандық үлгісі» облыс­тық ғылыми жо­балар конкурсының аудандық кезеңінен Ақерке Кеңесбай I орын, облыстық кезеңінен III орынды иеленген.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Мұ­ға­лім – білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңе­се алмайды. Сондықтан мен үшін мұға­лім әлемдегі барлық асыл заттардан қым­бат» деген қуатты сөзімен бүгінгі ұрпаққа, қазақ қоғамына салиқалы ой қалдырып кетті. Егер мұғалім нағыз өз ісінің шебері ретінде маман­дығына аса жауапкершілікпен қараса, осы ұлы тұлғалар айтқандай асыл сөздерге лайық бола білсе, онда оның шәкірті де тегін болмасы анық. Ал білім бар жерде өрлеу де бар, өсу де бар, жетілу мен кемелдену үрдісі де толастамақ емес.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

25 ақпан 2020 ж. 360 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930