» » АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Үстіміздегі жылдың 25 ақпаны күні Жалағаш ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлері, оның ішінде ІІО-ның ардагерлері М.Алдамбергенов және Б.Сәпенбаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің алғы сөзін полиция подполковнигі, бөлім бастығы Н.Ағаділов алып, кездесудің негізгі мақсатын айтты.
- Кездесудің негізгі мақсаты - Жалағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерінің, оның ішінде жас полиция қызметкерлеріне Ауған соғысы жайлы мәлімет беріп, ардагер ағалармен ашық әңгімелесіп, сұхбаттасу және өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында қаза болған әскерилердің рухтарына тағзым етуге, олардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, полиция қызметкерлеріне патриоттық тәрбие беру болып табылады,- деді өз сөзінде.
Кездесуде бөлім бастығының орынбасары А.Сералиев Ауған соғысы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, жиылған қауым Ауған жерінде жалын жастығын қалдырған абзал ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Кездесу соңында Ауған соғысының ардагерлері М.Алдамбергенов пен Б.Сәпенбаевтарға бағалы сыйлықтар табыстап, Қазақстан Республикасының ІІО-ның қатарынан зейнеткерлікке шыққан полиция майоры Қ.Сейдахметовті зейнеткерлікке шығарып салды.
01 наурыз 2020 ж. 859 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30