ТІГІН ЦЕХЫ БЕТПЕРДЕЛЕР ӨНДІРУДЕ
Жалағаштағы «Талапкер» тігін цехы күніне 500 дана қорғаныш бетперделерін шығарып, жергілікті дәріханаларға таратуда. Қазіргі таңда жергілікті кәсіпорында өндірілген өнімнің ересектерге арналған бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерін 130 теңгеден, оқушыларға арналған бетперделерді 100 теңгеден сатылуда.
Тігін цехының жұмысымен танысқан аудан әкімі Асылбек Шәменов жеке кәсіпкерге аудан басшылығы тарапынан қандай да болсын қолдау көрсетілетінін жеткізіп, кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Асылбек Өмірбекұлы мүмкіндігінше қорғаныш бетперделерін халыққа қолжетімді бағада сатуды тапсырды.