» » АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

«Ұлттық энциклопедияда» адамгершілік ұғымына адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы» «Кісілік», «Ізгілік» «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес деп анықтама берілген. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс әрекеттерде көзге түсетін. Адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілдік, әділдік, қанағатшылық секілді адамгершілік белгілерін атап өтуге болады.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогиқалық міндеттері – оқушылардың белсенді өміршеңдік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы.
Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін тәрбиелеу құлық тәрбиесіне көңіл бөлу.
Рухтың мекені – адам жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.
Қазір адамдардың барлығы да көздері ашық, ғылыми-техникалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі – компьютер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Бірақ, бір нәрсе жетіспейді. Бүкіл адамзат соны іздеумен әлек. Ол – рух қажеттілігі, рухани азық.
Рухани азықты тауып, дәмін татып мейірін қандырған адам ғана бұл дүниенің баянсыз бақытына жүрек байламай, толық қанағат кейпіне келіп, өмірден өзінің нақты орнын табады.
Сонда ғана ол өзінің адам деген атына заты сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикалық ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының теңдігін сақтап, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған.
Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуімен қатар, өзінің бойына адамгершілік құндылықтарды терең сіңірген, рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстырады. Білім берудің барлық кезеңін негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жастайынан ең манызды адамгершілікті, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек.

03 наурыз 2018 ж. 4 149 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930