» » БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ БҰЛ КЕЗЕҢДІ ДЕ ЕҢСЕРЕДІ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ БҰЛ КЕЗЕҢДІ ДЕ ЕҢСЕРЕДІ

Әрбір отандасымыз біздің мемлекеттің басты байлығы болып саналады. Сондықтан бәріміз өзіміздің, отбасымыздың, ата-ана мен бала-шағамыздың денсаулығына немқұрайлы қарамауымыз керек. Себебі ұлт денсаулығы мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі екенін сіз бен біз жақсы білеміз.

Тұңғыш Презиздент айтқандай, қазақ бұдан да қиын күндерді бірлікпен, ымырамен һәм келешекке деген нық сеніммен еңсерді. Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындық жеңбейді, керісінше шынықтыратынын қазақ әлдеқашан ұғынған. Бізді бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан табылып, тәуелсіз мемлекет қылған да осы бойымыздағы жақсы қасиеттер деп білемін. Сондықтан Елбасы айтқандай, біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге шыңдала түсуіміз қажет. Қазіргі уақыттың талабы да осы. 
Тұңғыш Президент өз мақаласында кәсіпкерлерге үлкен ой салды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері іскер азаматтарға үлкен қолдау болды. Егемен ел болғалы кәсіпкерлердің өз ісін қалыптастырып, аяққа нық тұруына барлық жағдай жасалды. Расында Енді «Мен еліме не беремін?» деген сауалға жауап табатын уақыт келген сияқты. Қазір өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы игі шара алдағы уақытта да жалғасын табуы керек. Себебі бұған дейінгі қиын кезеңдерді дана халқымыз қолындағын көппен бөлісу арқылы  еңсергеніне тарих куә. Егер бабамыздың бойында осындай жақсы қасиеттер болмаса бүгінде іскер азаматтар осындай қадамға барар ма еді? Міне, біз бір жағынан көпке қол ұшын созу арқылы өскелең ұрпаққа да бағыт-бағдар боламыз. 

Имамзада ШАҒЫРТАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты
08 сәуір 2020 ж. 428 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930