«МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ – АДАМНАН АЛҒАН АЛҒЫСЫМ»
Адам баласының өмірге келгендегі мақсаты білім, ғылым жинау, жақсылыққа жанашыр болу, ізгі амал мен алғыс жию болса керек. Осы ұғымдарды әрбір іс әрекетінде, сөзінде, өмірлік тәжірибесінде қолданса, өзімен қатар алып жүрсе ғана рухани толысып, адами қырлары ашылып, адамгершілік, абырой биігіне шыға алады. Кез келген әлемге әйгілі өнертапқыш, ғалым мен белгілі адамдардың сөздеріне қарасаңыз «Өмірге қайта келсеңіз кім болар едіңіз? деген сұраққа «Дәрігер болушы едім» деп жауап береді. Өйткені мұндай кісілер ғылымға терең бойлап, кемелдікке жеткен сайын өмірдегі басты байлық ізгі амал, адамдарға жасалған қайырлы іс және сол жақсылығың арқылы өзіңе қайтқан алғыс екеніне көз жеткізеді. Ал енді өміріндегі ең маңызды шешімге келерде осы асыл мамандықты таңдаған жандардың бағы бар деп едім. Біз бұған кейіпкеріміз Нұрбике Ахметовамен әңгіме барысында тағы да көз жеткіздік.
1961 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген Нұрбике Хамзақызы орта мектептен соң 1980 жылы Алматыдағы республикалық медициналық колледжде білім алған. Саладағы алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы емханалардың бірінде бастаған ол 1985 жылдан бастап аудандық емханада медбике қызметін атқарып келеді. Бүгінде емханада №4 учаскенің жалпы тәжірибелік медбикесі. 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, денсаулық сақтау саласында өзгеге үлгі боларлықтай тәжірибесі бар ақ халатты абзал жанның жұмысы қауырт. Таң атысымен жұмысқа бет алып, дәрігер қабылдауына келіп отырған науқастардың көңілін табу, жүкті, жаңа босанған әйелдерге көмек көрсету, жасы келген кісілердің скрингтік тексеруден өтуін қадағалау, үй-үйді аралап, учаскеге қарасты тұрғындардың денсаулық жағдайымен жеке-жеке танысу, балалардың екпесі, жасына қарай өтетін тексерулерін де қадағалау, қажет кезде семинар сабақтарға да қатысу медбикенің бір күндік жұмыс кестесіне сыйып тұр.
– Осы салада жүргеніме қырық жыл болыпты. Жұмысымды оңай деп те айта алмаймын. Қиынсынып та көрмедім. Өйткені мен бұл салаға өз таңдауыммен келдім. Адам өмірімен тікелей байланысты, үлкен жауапкершілікті талап ететінін білсем де, осы қызметке өмірімнің жартысын арнадым. Жуырда аталып өткен медбикелер күнінде Қазақстан Республикасының Ден саулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының және ұзақ жылғы еңбек жолымда да бірнеше рет «Алғыс хаттарға» ие болдым. Бірақ мен өмірлік тәжірибемде, денсаулық сақтау саласындағы осынша жылдан бергі көрген, түйгенімде адамның басты байлығы адамнан алған алғысы екеніне көз жеткіздім. Дәрігерге дертіне дауа, ауруына шипа іздеп келген әрбір науқастың айығып, жүзі жадырап, өмірге деген құлшынысы артқанын көрген кезде қуанышың еселеніп, не үшін ақ халат киіп жүргеніңді тағы бір мәрте түсінесің, іштей марқаясың. Қызметіңе деген ынта-жігерің арта түседі, адам саулығы үшін қызмет ету бәрінен маңызды екенін білесің.
– Салаға келген жылдардан бері медбикемін. Өзімнен кейінгі жас буынға, жас мамандарға өмірлік тәжірибемді бөлісуге, ақыл-кеңесімді беруге шаршамаймын. Жас мамандардың ақ халатты абзал жан деген атқа лайық болуы үшін қандай сыннан, қандай қиындықтан өтуі керектігін, бізге артылатын жауапкершілік жүгінің өте ауыр екенін және алғыс алсаң көктейтініңді, жақсылыққа жетіп, абырой биігінен көрінетініңді ұмытпа деп айтып жүремін, – дейді Нұрбике Хамзақызы.
Ақ халатты абзал жан, адам өмірінің арашасысы, мейірімді алақан иесі, жолдасының өмірлік серігі, балаларының ардақты анасы, немерелерінің асыл әжесі Нұрбике Хамзақызының саналы ғұмырындағы жүріп өткен жолы, тәжірибесі көпке, әсіресе ізінен ерген жас дәрігерлерге үлгі-өнеге, рухани азық деуге болады.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ