Праймериз – ел жанашырын ашық таңдау
Өздеріңізге белгілі болғандай, ел тарихында барлық деңгейдегі мəслихат пен Мəжіліске депутаттыққа кандидаттарды іріктеу биыл тұңғыш рет праймериз арқылы өтеді.
Ұлы Абай «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп айтқандай, заманауи форматтағы праймеризге ел мүддесін қорғайтын дарынды, адал, іскер тұлғалар бақтарын сынап көруге болады және үздік шыққан мықтылар, елге сөзі өтетін беделділер үміткерлер тізіміне еніп, одан әрі үлкен сайлауға түседі.
Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсыныстары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Осындай ашықтық арқылы партия қатары шынайы азаматтармен толығатыны сөзсіз және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің келері анық.
Жаңа өзгертілген толық нормативтік құқықтық актілер шеңберінде партия праймеризінің негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды ісіне қоғамымыздың көшбасшыларын, жаңашыл жастарын, белсенді азаматтарын праймеризге қатысуға шақырамын.
Ерхан БАҚБЕРГЕНҰЛЫ,
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісінің орынбасары.