» » Ортақ тәртіпке бағыну оң нәтижеге жеткізеді

Ортақ тәртіпке бағыну оң нәтижеге жеткізеді

Коронавирус індеті тек Қазақстанды ғана емес, әлемді алаңдатып отыр. Әлі толық емі табыла қоймаған кесел біздің елімізді де үлкен шығынға батырды. Өкініштісі, кейбір жағдайлар адам шығынымен аяқталып жатыр. Дәл қазіргідей жағдайда тек ақ халатты абзал жандарға барлық жүкті артып қоймай тұрғындар да жауапкершілікті сезінсе дейміз. Мұнда қауіпсіздік ережесін сақтау әрбір тұрғынның азаматтық міндетіне айналуы тиіс. Сонда ғана кеселді ауыздықтауға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Қоғамдық орындарда бетпердемен жүрудің пайдасын қазір жалағаштықтар түсінген сыңайлы. Себебі қазір қай дүкенге не қай дәріханаға бас сұға қалсаңыз, ішінде бетпердесіз жүрген адамды көрмейсіз.

Мұнан кейін мемлекет бекіткен ортақ тәртіпке бағыну індетпен күресіп жатқан жауапты мамандардың жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай оң әсерін тигізеді. Мәселен, адамдар көптеп шоғырланған қоғамдық орындарда вирустың кең таралатыны белгілі. Сондықтан мемлекетіміз бұған шектеу қойып отыр. Қазіргідей жағдайда той-томалақ, құдайы ас ұйымдастыруды да ахуал жақсарғанша қоя тұрған дұрыс. Дүкендер мен ойын-сауық орындары, басқа да кәсіптік нысандар белгіленген тәртіппен жұмыс жасауы қажет. Қазіргі таңда еліміздегі бас партияның аудандық филиалы қызметкерлері мен тәртіп сақшылары рейдтер ұйымдастырып, талаптардың ауданда сақталуына жұмыс жасауда. Нәтиже де жаман емес, қалыптасқан оң өзгерістердің барлығы сапалы еңбектің жемісі екеніне еш дау жоқ.
Қазақ бірлікпен, ымырамен іс қылғанда ғана аталған дертке тойтарыс беруге мүмкіндік туады. Жалағашта іскер азаматтардың жағдайы төмен отбасыларға қаржылай және азық-түліктей жәрдемдесуі қазір дәстүрге айналды десе де болады. Бұл өз кезегінде қазіргідей қиын жағдайда халықтың да тұрмыстық сапасын төмендетіп алмауға үлкен демеу болып отыр. Кеше Еңбек ауылының тұрғындары Мәдениет ауылдық ауруханасында жатқан науқастардың тезірек айығып кетуі үшін 300 мың теңгеге дәрі-дәрмек алып беріпті. Міне, біз осындай ауызбіршіліктің, ынтымақтың қолдағы барды көппен бөлісудің, тарыққанға қол ұшын созудың үлгісін алдыңғы аға буыннан көріп өстік. Енді өскелең ұрпаққа да осыны аманаттаймыз. Мұндай шаралар басқа да елді мекендерде жалғасын тапса игі болары сөзсіз.
Қазір аймақта індет жұқтырғандар саны 2700-ден асып отыр. Ал өзіміздің ауданда науқастар саны 104-ке жетсе, 60-қа жуық коронавирус індетіне шалдыққан жерлесіміз ақ халатты абзал жандардың табанды еңбегінің арқасында дертіне шипа тапты. Аудандағы ахуал әлі де жақсарып, қалыптасқан жағдай тезірек қайта қалпына келсін десек, біз мемлекет бекіткен ортақ тәртіпке бағынып, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауымыз керек. Сонда ғана баяғы күнімізге қайта ораламыз.

Оразғали Аханов,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы
28 шілде 2020 ж. 283 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930